ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
Метадондық алмастыру терапиясы – АИТВ/ЖИТС алдын алудың бір бөліміadmin жазған Бс, 05/28/2015 - 11:0227 мамырда Өскемен қаласында «Аман – Саулык» ҚҚ (Алматы қ) ұйымдастырушыларымен өткізілген «Қазақстан Республикасында опиоидтік алмастыру терапиясын дамыту перспективалары» атты алғашқы рет қоғамдық тыңдау өтті. Тренингadmin жазған Сс, 05/26/2015 - 09:452015 жылдың 25 мамырында «Семей қаласының ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК профилактика бөлімінің меңгерушісі Қ.А.Қонысбаева және «Жан ұя» ҚҚ психологы Н.А.Қуандықова бірлесіп Жакия Шайжүнісов атындағы Электрондық колледж оқушыларына АИТВ- жұқпасының алдын алу тақырыбында тренинг өткізді.Тренинг барысында оқушыларға АИТВ- жұқпасының берілу жолдары, алдын алу шарасы жөнінде анық ақпарат берілді. ЖИТСтен қайтыс болғандарды Бүкіләлемдік еске алу күніне арналған акцияadmin жазған Дс, 05/25/2015 - 14:47Өткен жексенбіде ЖИТСтен қайтыс болғандарды Бүкіләлемдік еске алу күніне арналған акция өтті. ЖИТС орталығының, «Қуат» және «Answer» қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері АИТВ-жұқпасының құрбаны болғандардың жақындарына көңіл айтуға ШҚоблыстық ЖИТС орталығының аумағында жиналды. Олар жас еді, бірақ дерт олардың өмірін үзіп әкетті. ЖИТС тен қайтыс болғандарды еске алу күніне ІІД өткен акцияadmin жазған Жм, 05/15/2015 - 13:2514 мамырда Өскемен қаласының Ішкі Істер Департаментінің конференц-залында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні декадасының шеңберінде ШҚО ЖИТС орталығының дәрігері А.С. Жанатаевамен полиция қызметкерлері арасында акция өткізілді. Лекция оқылып, «АИТВ-жұқпасы әркімді жанап өтеді» атты бейнетаспа көрсетілді. ЖИТСтен қайтыс болғандарға жаназаadmin жазған Жм, 05/15/2015 - 13:12ЖИТСтен қайтыс болғандарды еске алу күніне арнап облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог көмекшісі Н.В.Милингпен қаланың Святотроицк монастырінде, Покровск храмында, Андрей Первозванный соборында, Богородице - Рождественск храмында, сонымен қатар екі мешітте және екі католик шіркеулерінде жаназаға тапсырыс берілді. 17 мамырда діни қызметкерлермен ЖИТСтен қайтыс болғандардың жандарына бағыштап құран оқылады. ЖИТС тен қайтыс болғандарды еске алу күніadmin жазған Ср, 05/13/2015 - 08:55Бүкіл әлемде жыл сайын мамыр айының үшінші аптасында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі. Бұл күні адамдар осы науқастан қайтыс болған туыстарын, жақындарын, жай ғана таныстарын еске алады. 2015 жылы бұл күн 17 мамырға келіп отыр. ЖИТС-тен қайтыс болғандарды Бүкіләлемдік еске алу күнін өткізудің мақсаты АИТВ/ЖИТС-тің таралу проблемасына, АИТВ-жұқпасын әлеуметтік қорғауға әлем қоғамының назарын қарату. АИТВ және бизнесadmin жазған Дс, 04/27/2015 - 14:122015 жылдың 27 сәуірінде Семей қалалық ЖИТС орталығының алдын- алу бөлім меңгерушісі Қ.А.Қонысбаева және осы бөлім дәрігер –эпидемиологі Г.Н.Тұрарова ЖШС «АЭС Шульба ГЭС» қызметкерлерімен бизнес құрылымындағы жұмысты және «АИТВ/ЖИТС әсері» индикаторын жақсарту мақсатында кездесу өткізді. Кездесуге ГЭСтің басшылары мен еңбек коллективі қатысты. Кездесуге қатысушылар «Жақын 5 жыл ішінде АИТВ жұқпасы Сіздің компанияңызға қалай әсерін тигізеді» атты сауалнамаға қатысып, АИТВ- жұқпасы жөніндегі білімдерін анықтаитын тест жазды. Семейadmin жазған Бс, 04/23/2015 - 14:212015 жылдың 23 сәуірінде Семей қалалық ЖИТС орталығының эпидемиолог -дәрігері Тұрарова Ж.Н. әскери полиция қызметкерлері арасында «ЖИТС және қоғам» тақырыбында семинар өткізді.Семинар мақсаты полиция қызметкерлеріне аймақтағы АИТВ жұқпасының таралуы туралы эпидемиологиялық жағдайды, таралу жолдары, алдын алу шаралары туралы ақпаратты жеткізу.Семинардың теориялық жағы презентация және «Көңіл аудар» фильмін көрсету арқылы беріліп, тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Университеттегі кездесуadmin жазған Жм, 04/17/2015 - 14:09Бүгін Шығыс Қазақстан техникалық университетінде студенттермен кездесу болды, онда ШҚ облыстық ЖИТС орталығының эпидбөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Н.С.Селезнева және алдын алу бөлімінің мұғалімі В.И.Антипин «Жастар және АИТВ жұқпасы» атты тақырыпта дәріс өткізді. АИТВ/ЖИТС туралы бейнетаспаны көргеннен кейін студенттер елдегі, облыстағы және қаладағы эпиджағдаймен таныстырылды. Орталықтың мамандары қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өз статусын білгілері келгендерді экспресс әдісімен тестіледі. 2015 жылдың 1 тоқсанының қорытындысыadmin жазған Бс, 04/16/2015 - 08:482015 жылдың 1 тоқсанында АИТВ-жұқпасымен 85 жағдай айқындалды, былтырғы жылдың ұқсас кезеңіндегіден 2 жағдайға көп. Өсу қорытындысымен, яғни 1997 жылдан 2732 адам тіркелді. Биылғы жылы жыныстық қатынас жолымен жұқтырған - 35,3%, есірткіні тамыр арқылы қабылдаумен - 42,4%. Ең көп жұқтырған 30-39 жас аралығындағылар (41,2%) және 20 – 29 жас (35,3%). 59 % жұмыс істемейтіндер. |