ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
Біз жайлы
admin жазған Ср, 08/20/2014 - 12:21
Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы 1990 жылы құрылды. Облыстық орталықтың негізгі міндеттері мен қызметтері Денсаулық сақтау министрлігінің №355 бұйрығында көрсетілген. Бұйрықтың көшірмесінен:
1)АИТВ-жұқпасын жұқтырғандарды және ЖИТС пен науқастанғандарды емдеу, АИТВ-жұқпасын диагностикалау, алдын алу мәселелері бойынша шараларды ұйымдастыру; 2) Қазақстан Республикасы әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы қорғаныс минристрлігі, ҚР ішкі істер министрлігі және ҚР білім және ғылым министрлігінің оқыту мекемелеріне, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің медициналық қызметтеріне ұйымдастыру-әдістемелік және кеңес беру, практикалық көмек көрсету; 3) Үйлестіру кеңестерінде, коллегияда АИТВ-жұқпасы бойынша мәселелерді қарау; 4) жергілікті орындаушы органдар, денсаулық сақтау органдарымен, әртүрлі ведомствалар және қоғамдық бірлестіктермен бірігіп АИТВ-жұқпасы бойынша алдын алу бағдарламаларын жасауға қатысу; 5) Тұрғындардың АИТВ қауіпті топтары үшін мониторинг және бағалау тиімділігі; 6)Тұрғындарды АИТВ-жұқпасының жұғуының таралу жолдары туралы ақпараттандыру, әртүрлі мекемелердегі мамандарды оқытуды ұйымдастыру, оқытушылар мен мектеп оқушыларын, орта және жоғарғы оқу орныдарын, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-білім беру материалдарын шығарып тарату; 7) АИТВ-жұқпасының алдын алу, емдеу, экспресс-диагностика мәселелері бойынша медициналық қызметкерлерді оқыту; 8) АИТВ жұғуын тоқтау жөнінде медициналық ұйымдармен өткізілген шаралардың тиімділігін бағалау; 9) АИТВ-жұқпасының таралу шапшаңдығын төмендету және алдын ала сақтандыруға бағытталған АИТВ-жұқпасының аурушаңдығы мен таралу жағдайларына эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастырып жүргізу, эпидемиологиялық ахуалды талдау және бағалау, кешенді шаралар жүргізу; 10)АИТВ-жұқпасының бар-жоғына медициналық тексеруді ұйымдастыру; 11) 2010 жылғы 22 қыркүйектегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №742 бұйрығына сәйкес есеп беру нысандарын дайындау; 12) АИТВ-жұқпасына алғашқы және растайтын диагностикасын ұйымдастырып өткізу; 13) АИТВ-жұқпасын жұқтырғандарды емдеу және диспансерлеу кезінде зертханалық тексеруді ұйымдастырып жүргізу; 14) шолғыншы эпидемиологиялық қадағалауға серологиялық кезеңді ұйымдастырып жүргізу; 15) АИТВ зертханалық тексерудің сапасын бақылау жүйесін ұйымдастыру, оң сарысу үлгілерін архивтеу; 16) АИТВ-жұқпасын жұқтырғандар мен ЖИТС пен науқастанғандарды емханаға жатқызу және ем жүргізу; 17) АИТВ-жұқпасын жұқтырғандар мен ЖИТС пен науқастанғандарды антиретровирусты препараттармен қамту; 18) АИТВ-жұқпрасын жұқтырған жүкті әйелдерге жүктілік кезінде, босанғанда және нәрестелерге вирусқа қарсы алдын алу ем шараларын кешенді жүргізу; 19) АИТВ-жұқпасын жұқтырған балалар мен ересектерге екінші химиялық алдын алуды қамтамасыз ету және амбулаторлы оппортунистикалық аурушаңдықты емдеу (пневмоцистік пневмания, ұшық жұқпасы, токсоплазмоз және кандидоз); 20) Тұрғындардың қатынастан кейінгі вирусқа қарсы алдын алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету; 21) Психоалеуметтік кеңес және тестілеу қызметіне қолжетімділікті бағалау (оның ішінде құпия түрде); 22) Медициналық ұйымдарда АИТВ-ға клиникалық көрсеткіштері бойынша тексеру жүргізу үшін осы контингенттерге жататындарға сапалы және толық талдау жүргізу; 23)АИТВ-жұқпасын жұқтырғандар мен ЖИТС пен науқастанғандарға құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсету; 24) ЖИТС-пен науқастанғандарға паллиативті көмекті ұйымдастырып жүргізу.
Осы міндеттерді орындау үшін Орталықтың ұйымдастыру құрылымы құрылды.
ЖИТС орталығын бірінші санатты дәрігер- эпидемиолог Жеголко Марина Владимировна басқарады.
ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Шығыс Қазақстан облысында ЖИТС орталығы құрылғаннан бастап эпидемиологиялық бөлім жұмыс істейді. Бөлімде біліктілігі жоғары 7 маман жұмыс істейді: 3 дәрігер эпидемиолог, 3 эпидмиолог дәрігердің көмекшісі, бір медстатист, сенім пунктінің медбикесі. Бөлімді Селезнёва Наталья Сергеевна басшылық етеді.
Бөлім мамандары алдын алу мен қатар індетке қарсы жұмыстарды да атқарады: ошақтарды зерттейді, қатынасқа түскендерді АИТВ-жұқпасына тескеріді қамтиды, Тек АИТВ-жұқпасын жұқтырғандарға ғана емес сонымен қатар олардың туыстарына, облыс тұрғындарына қауіпсіз шара тәртіптерін үйретеді, жүкті әйелдерді АИТВ-жұқпасына тестілеп, донор қанының қауіпсіздігіне бақылауды қамтамасыз етеді.
Бөліммен медициналық, ведомстволық, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен алдын алу шараларын жүргізуде өзара әрекет жұмыстары жеткізіліп тұрады. Тұрғындардың әлсіз топтары арасында қауіпті тәртіпті өзгертуге бағытталған «Зиянды төмендету» алдын алу бағдарламалары жүргізеді: ЕИТ, ЖҚҚ, ЕпенЕ кеңес берумен, оқытумен, АИТВ-жұқпасының жұғу қаупін төмендету жөнінде ақпараттармен қамсыздандыру, қолданылған шприцтер мен инелерді алмастыру, жеке басын қорғау құралдарымен жабдықтау. Соңғы үш жылда ЕИТ арасында алдын алу бағдарламаларымен қамту 38,6%, ЖҚҚ –1,5%, ЕпенЕ–12,6%. өсті. Әлсіз топтарда 24 аутрич-қызметкер алдын алу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі, оларға туберкулез және малярия, ЖИТСпен күрес үшін Жаһандық Қор жалақы төлейді. Бөлімде 2000 жылдан тұрғындардың әлсіз топтарына сенім пункт жұмыс істейді. Алдын алу және ақпараттық-білім беру бағдарламаларын тиімді үйрену мақсатында тұрғындардың әртүрлі топтары арасында әлеуметтік зерттеу жүргізіледі, соның ішінде АИТВ-жұқпасына шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау. Бөлім дәрігерлерімен облыс аймақтарындағы АИТВ-жұқпасы аурушаңдығына талдау жүргізіледі, Алқа мәжілісіне, Үйлестіру, медициналық және ведомствоаралық кеңестерге аналитикалық материалдар дайындалады, АИТВ-жұқпасының алдын алу жөнінде ақпараттық-білім беру материалдары және әдістемелік құралдар жасалады. Бөлім мамандары әртүрлі формадағы аағарту жұмыстарын қолданады: кең масштабтағы акциялар, тоқ-шоу,шеберлік-кластары, тренинг-семинарлар, кіші-сессиялар, лекциялар,конференциялар.
Әдістемелік-ұйымдастыру бөлімі 2014 жылдың 1 шілдесінен ШҚ облыстық ЖИТС орталығында Крук Игорь Алексеевич басшылық ететін әдістемелік-ұйымдастыру бөлімі жұмыс істей бастады,
Әдістемелік-ұйымдастыру бөлімі мамандарының негізгі міндеттері мемлекеттік халықаралық және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ШҚО бойынша АИТВ/ЖИТС таралуын тежеу жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету, Қызығушылық танытқан ұйымдармен ЖИТС індетіне қарсы күрес жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырып мониторингті орындау (мәдениет бөлімдері, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, туризм, және спорт, экономика, ішкі істер саясаты, ШҚО ІІД, ШҚО ҚАЖД және басқалар). Әдістемелік-ұйымдастыру бөлімі міндетіне кіретіндер: Орталықтың құрылым бөлімшелеріне, медициналық, ведомстволық және қоғамдық ұйымдарға АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы күрес жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру мәселелерін ұйымдастыру жөнінде әдістемелік-ұйымдастыру бойынша көмек көрсету. - Орталықтың құрылымдарымен нормативтік және құқықтық актілерді мерзімінде орындалуын бақылау. - нормативтік және құқықтық актілерді, жоба ережелерін, перспективалық бағдарламаларды құруға қатысу. - Бөлімдердің жұмыстарын талдау, бөлімдердің жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау (айлық, жылдық). - Алқа мәжілісінде қарау үшін әрекеттегі бұйрықтарды, жоғарғыдағы ұйымдардың және ведомстволардың шешімдерін орындау жөнінде хат, анықтама, ақпараттар оның ішінде АИТВ-жұқпасы мәселелері жөніндегі материалдарды дайындауды ұйымдастыру.
- ШҚ облыстық ЖИТС орталығының шаралар ұйымдастыру жоспарын,әдістемелік ұсыныстар, бұйрықтарды жасау. - АИТВ/ЖИТС проблемалары бойынша съезд, семинар, конференцияларды дайындап қатысуды ұйымдастыру. - медициналық, ведомстволық және қоғамдық ұйымдармен АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша өзара әрекет.
Емдеу- алдын ала көмек көрсету бөлімі
Бөлім 1 дәрігер инфекционист және 2 медбикемен 2001 жылы құрылды: Қан алу және диспансерлік бақылау кабинеті. Қазіргі таңда 14 адамнан тұратын үлкен ұжым. Ұымжды жоғары санатты дәрігер инфекционист Оралбаева Наталья Александровна басқарады.
Білікті 4 дәрігер инфекционист жұмыс істейді- Волкова Галина Васильевна, Жанатаева Айгүл Сапарғалиевна, Рамазанов Солтанбек Рамазанович, Алексеева Лариса Петровна, достық кабинетінің дәрігер гинекологы – Дюсупова Гүлнәр Рахиповна, психолог- Морланг Светлана Яковлевна. Орта буынның құрамында- Рахимова Алмагүл Толеуханқызы, қан алу кабинетінде 2 медбике- Беспалова Людмила Анатольевна, Қаирбек Әсем Шәріпхановна, диспансерлік қадағалауда 2 медбике – Түсіпова Айгүл Бекеновна, Барон Ирина Викторовна жіне достық кабинетінің медбикесі - Авдеева Людмила Сергеевна.
Емдеу- алдын ала көмек көрсету бөлімі мыналарды орындайды: -АИТВ/ЖИТС пен науқастанғандарға амбулаторлы-емханалық көмекті ұйымдастырып көрсету, АИТВ жұқпасын жұқтырғандар мен ЖИТСпен науқастанғандарды ауруханаға жатқызу және ем жүргізу; Пенитенциарлы мекемелердегі науқастарды қадағалау, дипансерлеу АРВТ жүргізу. - АИТВ жұқпасын жұқтырғанжәне ЖИТСпен науқастанған балаларды және ересектерді АРВ преператтарымен қамтамасыз ету; - АРВТ ересектер мен балаларда жүргізуге моноторинг, вирустық жүктемеде иммундық статусты зерттеу; - АИТВ-жұқпрасын жұқтырғандарға және олардың отбастарына медико-психологиялық көмек көрсету; - АИТВ-жұқпрасын жұқтырған жүкті әйелдерге жүктілік кезінде, босанғанда және нәрестелерге вирусқа қарсы алдын алу ем шараларын кешенді жүргізу; - АИТВ-жұқпасын жұқтырған балалар мен ересектерге екінші химиялық алдын алуды қамтамасыз ету және амбулаторлы оппортунистикалық аурушаңдықты емдеу (пневмоцистік пневмания, ұшық жұқпасы, токсоплазмоз және кандидоз); - АИТВ ға қатынасқа дейінгі және кейінгі психоәлеуметтік кеңес; - Психоалеуметтік кеңес және тестілеу қызметіне қолжетімділікті бағалау (оның ішінде құпия түрде); - Тұрғындардың қатынастан кейінгі вирусқа қарсы алдын алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету; - АИТВ-жұқпасын жұқтырғандар мен ЖИТС пен науқастанғандарға құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсету; - Медико-әлеуметтік сараптамаға науқастардың құжаттарын дайындау; -Медициналық ұйымдарға және медициналық ведомстволарға диагностика, ем, психоәлеуметтік көмек қызметі қатынастан кейінгі алдын алу шаралар бойынша практикалық және консультативтік көмек көрсету. АРВТ жолын ұстау жөнінде облыстың емдеу мекемелері және қоғамдық ұйымдармен өзара қарым қатынас. - АИТВ-мен өмір сүретін 2000 жуық адам Шығыс Қазақстан облысының диспансерлік есебінде тұр. АИТВ жұқтырғандардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін АРВТ тағайындалады. Облыста бұл емді 400-ден астам адам қабылдайды.
Диагностикалық зертхана Корякина Ольга Владимировна
ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығының негізгі құрылымы диагностикалық зертхана болып табылады. Зертханада 13 адам жұмыс істейді. Зертхананы бірінші санаттағы дәрігер зертханашы - Корякина Ольга Викторовна басқарады. Дәрігерлер: Шумская Ольга Ивановна – жоғары санатты дәрігер, Архипова Людмила Андреевна – бірінші санаттағы дәрігер. Барлық зертханашылар бірінші және жоғары санатты.
Қызметтің басында зертхана ИФТ әдісімен сарысудан АИТВға антиденелерді айқындады. Зерттеу номенклатурасы жаймен кеңейе бастады: С гепатитіне вирустың антиденелерін айқындау, гепатит В маркеры, ЖИТС-аурушаңдығы, цитомегаловирус, ұшықвирус инфекциясы, токсоплазмоз,сонымен қатар жыныс жолы арқылы берілетін жұқпалар: мерез, хламидий. 2005 жылдан зертхана АИТВ жұқпасын жұқтырғандардың иммундық статусын зерттеуді жүргізеді. Қазіргі таңда зертхана ПЦР мен жабдықталған және 2004 жылдан АИТВ-жұқпасын жұқтырғандар үшін вирустық жүктемелерді айқындауды жүргізеді.(АӨС) АИТВ –ға тексеру қандары Семей қаласынан басқа облыстың барлық аймақтарынан әкелінеді. Зертхана жыл сайын АИТВ 100 000 астам талдау жүргізеді, 10 000 жуығы басқа жұқпаларға және 2000- иммундық статусқа.
Доспейілдік кабинеттер
2004 жылғы 29 наурыздағы ҚР ДСМ «Доспейілдік кабинеттердің қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі Ережесін бекіту туралы» №295 бұйрығына сәйкес, тұрғындардың осал топтары арасында ЖЖБЖ және АИТВ-жұқпасының алдын алу мақсатында ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталықтарында (ДК) доспейілдік кабинеттер ашылды. ДК мамандарының арнайы АИТВ/ЖИТС, ЖЖБЖ емдеу, АИТВ/ЖИТС бойынша тестіге дейінгі-кейінгі психоәлеуметтік дағдылары, медициналық дайындықтары бар. ДК тұрғындардың осал топтарына ЖЖБЖ емдеу құпия түрде тегін жүргізіледі (иньекция арқылы есірткі тұтынатындар, жыныс қатынас қызметкерлері, еркек пен еркек қатынасы). Пациенттер АИТВ-жұқпасы, ЖЖБЖ, контрацепция әдістері, АИТВ-жұқпасына тестілеу жайлы ақпараттандырылады. Келгендерді ақпараттық материалдармен мүшеқаптармен қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда пациенттер арнайы, білікті медициналық көмек алу үшін тері-венерологиялық және басқа медициналық ұйымдарға жолданады.
Бухгалтерия
Бас бухгалтер Шипанова Татьяна Сергеевна
Бухгалтер Мальцева Надежда Егоровна
Экономист Гордиенко Галина Викторовна
АИТВ-жұқпасына информатикалық және компьютерлік қадағалау бөлімінің меңгерушісі – Полозов Анатолий Юрьевич
ӘШБ бастығы Чернова Вера Павловна
Заңкеңесші Гуляева Татьяна Никифоровна
Хатшы-іс жүргізуші Сапрыгина Лариса Викторовна
|