Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Метадондық алмастыру терапиясы – АИТВ/ЖИТС алдын алудың бір бөлімі

  27 мамырда Өскемен қаласында «Аман – Саулык» ҚҚ (Алматы қ) ұйымдастырушыларымен өткізілген «Қазақстан Республикасында опиоидтік алмастыру терапиясын дамыту перспективалары» атты алғашқы рет қоғамдық тыңдау өтті.   Кездесуге АИТВ  ЖИТС республикалық орталықтың ұлттық координаторы Т.И.Даулеткалиева, Республикалық ғылыми практикалық орталықтың нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік мәселесі бойынша  қызметкері М.Т.Тоқанов, ШҚО ДСБ басшысының орынбасары С.А.Попов, ШҚоблыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері М.В.Жеголко, ОНД бас дәрігері Х.Ж.Смағұлов, қалалық мәслихаттың депутаты Т.В.Чернышев, қоғамдастықтар, құқық қорғау органдары, ЖИТС, ҮЕҰ , метадон терапиясын алатын пациенттер, ИЕТ және олардың туыстары қатысты.  Тыңдауды «Аман – Саулык»   ҚҚ президенті Б.Н.Түменов ашып, жобаның негізгі мәселелеріне тоқталды. «ҚО және ШҚО АИТВ жұқпасы бойынша Эпидемиологиялық жағдай» жайлы Т.И.Даулетқалиев және М.В.Жеголко таныстырды. Нашақорлық жағдай бойынша М.К.Тоқанов және Х.Ж.Смағұлов таныстырды.   Соңғы жылдары нашақорлық және АИТВ-жұқпасы аурушаңдығы өршіп келеді. Сондықтан қосымша алдын алу шараларын енгізу талап етіледі, оның бірі опиоидтік алмастыру терапиясы болып саналады. (ОАТ)  Залда айтыса бастады, Қазақсатандағы сияқты ОАТ біздің аймақта да жақтаушылар және оған қарсысылар да бар. Бірақ, метадон қабылдайтын  пациенттердің жеке өмірлері жақсарып, әлеуметтік өмірге бейімделе бастағандарын тыңдағаннан кейін, қатысушылар ОАТ  болуына келісімдерін берді.