Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Облыста ЖИТСпен Бүкіләлемдік күрес күніне арналған айлық басталды.

         ШҚ облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы  «Қуат өкіметтік емес ұйым» және «Жарты ай» ҚҰ мен бірлесіп 2014 жылдың 12 қарашасында №2 қалалық емханада АИТВ- жұқпасының  алдын алу бойынша айлық шеңберінде ЖИТСпен Бүкіләлемдік күрес күніне арналған акция өткізілді.            ЖИТСпенБүкіләлемдік  күрес  күнінің ұраны: «АИТВ-жұқпасының жаңа нөл жағдайы. Дискриминация нөл. ЖИТС салдарынан нөл өлім»

«АИТВ-жұқпасы және нашақорлықтың алдын алу әдістері және жаңа нысандары»

Бүгін 7 қараша күні  ШҚО ББ «Шығыс» АО  конференц-залында       «АИТВ-жұқпасы және нашақорлықтың алдын алу әдістері және жаңа нысандары»   атты облыстық семинар өтті.Семинардың мақсаты: мектепте алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.Ұйымдастырушы: ШҚО ББ «Шығыс» аймақтық орталығы.Семинарға қатысушылар: облыстың жалпы білім беру мектептерінің әлеуметтік ұстаздары және тәрбие жұмысы бойынша директорлардың орынбасарлары.

Бүкіләлемдік ЖИТСпен күрес күніне дайындық

            Облыстық ЖИТС орталығында үкіметтік емес ұйымдармен кездесу өткізіліп, онда      желтоқсан айының басында өткізілетін Бүкіләлемдік ЖИТСпен күрес күніне арналған шаралар талқыланды.

ҚОЛЫМЫЗДЫ ҚУСЫРЫП ОТЫРҒАН ЖОҚПЫЗ!

Облыста АИТВ/ЖИТС бойынша эпиджағдай қиын: ағымдағы жылдың 9 айында аурушаңдық 100 мың адамға шаққанда 15,9 болды.Бірақ, облыстық көрсеткішті аурушаңдық бойынша асыратын аймақтар бар, атап айтқанда Зырян ауданы: 100 мың адамға шаққанда  аурушаңдық 49,9. 3 есе жоғары. Облыс орталығынан алшақ жерде орналасса да ШҚО ЖИТС орталығының мамандары аудан тұрғындарына назар аударып отыр.

Денсаулық фестивалі

 06.09.2014ж. Өскемен қаласындағы «Металлург»саябағында «Денсаулық фестивалі» өткізілді. Флюорографияда тексерілу, қан тапсыру, артериалды қан қысымды, бойды, салмақты өлшеу жылжымалы зертханалармен бірге облыстық ЖИТС орталығының мамандары да қатысты.

АИТВ-жұқпасы бойынша ЕАҰ дәрігерлеріне арналған облыстық семинар

14.08.2014ж. ШҚО ЖИТС орталығының базасында орындарында АИТВ/ЖИТС бойынша жұмысты ұйымдастыруға жауап беретін АИТВ -жұқпасы мәселесі бойынша ЕАҰ дәрігерлеріне арналған облыстық семинар өтті. АИТВ-жұқпасы індетіне қарсы күрес жөніндегі жұмысына негізгі заманауи бағыттар талқыланды, Қазақстан Республикасы және Шығыс Қазақстан облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпиджағдай талқыланды, АИТВ-жұқпасы жағдайына эпидемиологиялық зерттеу ерекшеліктері атап өтілді, қатынаста болғандарды тексеру және іздеу мерзімі айтылды, психоәлеуметтік кеңес сұрақтары қаралды.

ЖИТСтен қайтыс болғандарды еске алу күні

18.05.2014г.Өскемен қаласында  облыстық ЖИТС орталығы және АИТВ-мен өмір сүретіндерге көмек «ҚУАТ» ҚҰ ұйымдастырған  ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған акция өтті.

Шараға «Ансвер» ҚҚ, наркологиялық диспансер, Жарты ай қоғамы, АИТВмен өмір сүретіндер, олардың балалары және АИТВмен өмір сүретіндердің жақындары қатысты.

Өткізілген жері: қала көшелері және ШҚ облыстық ЖИТС орталығының аймағы.

АИТВ және туберкулез бойынша диалог

30.03.2014ж.Өскемен қаласында «АИТВ және туберкулез бойынша диалог» атты акция өтті, ұйымдастырушылар ЖИТС орталығы және «Қуат» ҚҰ.Өткізілген орын: №2 қалалық консультативтік емхана.Акцияның мақсаты: АИТВ-жұқпасы және туберкулез жайлы тұрғындардың ақпараттандырылған деңгейін арттыру, медициналық тексеруден өтулеріне мотивация беру.

Синдикатты контент