ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
АИТВ-жұқпасы бойынша ЕАҰ дәрігерлеріне арналған облыстық семинар
admin жазған Бс, 09/11/2014 - 12:05
14.08.2014ж. ШҚО ЖИТС орталығының базасында орындарында АИТВ/ЖИТС бойынша жұмысты ұйымдастыруға жауап беретін АИТВ -жұқпасы мәселесі бойынша ЕАҰ дәрігерлеріне арналған облыстық семинар өтті. АИТВ-жұқпасы індетіне қарсы күрес жөніндегі жұмысына негізгі заманауи бағыттар талқыланды, Қазақстан Республикасы және Шығыс Қазақстан облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпиджағдай талқыланды, АИТВ-жұқпасы жағдайына эпидемиологиялық зерттеу ерекшеліктері атап өтілді, қатынаста болғандарды тексеру және іздеу мерзімі айтылды, психоәлеуметтік кеңес сұрақтары қаралды. АИТВ мен өмір сүретіндерге медициналық көмекті дұрыс ұйымдастыру көрсетілген, әсіресе АИТВ-жұқпасын жұқтырған әйелдер мен олардан туған балаларға АМСК ұйымдастыруда. Семинар барысында «Мен және менің қорқынышым» атты фильм көрсетілді.Семинардың барлық материалы қатысушыларға электронды түрде таратылды. |