ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
ЖИТСтен қайтыс болғандарды еске алу күні
admin жазған Бс, 09/11/2014 - 11:57
18.05.2014г.Өскемен қаласында облыстық ЖИТС орталығы және АИТВ-мен өмір сүретіндерге көмек «ҚУАТ» ҚҰ ұйымдастырған ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған акция өтті. Шараға «Ансвер» ҚҚ, наркологиялық диспансер, Жарты ай қоғамы, АИТВмен өмір сүретіндер, олардың балалары және АИТВмен өмір сүретіндердің жақындары қатысты. Өткізілген жері: қала көшелері және ШҚ облыстық ЖИТС орталығының аймағы. Акцияның мақсаты: ЖИТСтен қайтыс болғандарды еске алу, АИТВ/ЖИТС індеті проблемасына қоғамның назарын аудару; ЖИТСпен күресуге жеке адамды және қоғамды күшейту; АИТВ-жұқпасын жұқтырғандарға гуманизмді және толераннты тәрбие беру. Акцияның алдында Покров ғибадатханасында қайтыс болғандарға жаназа шығарылды. Қаланың барлық ЕАМ қолжетімді орындарында сенім телефондарының жұмыс істейтіні жайлы ақпараттар ілінді «Қорқудың қажеті жоқ! Білу керек!» Асфальтта қызыл лента жайып, шамдар жағылды. Еске алу аллеясында ағаштар отырғызылды. Қала көшелерінде ынтымақтастық символымен гелді ақ шарлар және тематикалық буклеттер таратылды. Қатысушыларға лотерея ойнатылды, АИТВ-жұқпасының алдын жөнінде сұрақтарға дұрыс жауап бергендер жүлделерге ие болды. Акция ЖИТС орталығында кофе-брейкпен аяқталды. |