ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
АИТВ және бизнес
admin жазған Дс, 04/27/2015 - 14:12
2015 жылдың 27 сәуірінде Семей қалалық ЖИТС орталығының алдын- алу бөлім меңгерушісі Қ.А.Қонысбаева және осы бөлім дәрігер –эпидемиологі Г.Н.Тұрарова ЖШС «АЭС Шульба ГЭС» қызметкерлерімен бизнес құрылымындағы жұмысты және «АИТВ/ЖИТС әсері» индикаторын жақсарту мақсатында кездесу өткізді. Кездесуге ГЭСтің басшылары мен еңбек коллективі қатысты. Кездесуге қатысушылар «Жақын 5 жыл ішінде АИТВ жұқпасы Сіздің компанияңызға қалай әсерін тигізеді» атты сауалнамаға қатысып, АИТВ- жұқпасы жөніндегі білімдерін анықтаитын тест жазды. Тыңдаушыларға тақырып бойынша қызықты презентациялар көрсетілді. Кездесу барысында көп сұрақтар қойылып, келушілердің көпшілігі АИТВ/ЖИТС проблемасын талқылауға белсене қатысты.Кездесу соңында тыңдаушылардың көншілігінде бүгінгі күнде АИТВ/ЖИТС біздің компанияның дамуына әсерін тигізбейді деген көзқарас қалыптасты. |