Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

ЖИТС тен қайтыс болғандарды еске алу күніне ІІД өткен акция

14 мамырда Өскемен қаласының Ішкі Істер Департаментінің конференц-залында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні декадасының шеңберінде ШҚО ЖИТС орталығының дәрігері А.С. Жанатаевамен  полиция қызметкерлері арасында акция өткізілді. Лекция оқылып, «АИТВ-жұқпасы әркімді жанап өтеді» атты бейнетаспа көрсетілді. ІІД қызметкерлері жұқпа қаупі туралы ескертіліп, қауіпсіздік тәртібі үйретілді.            Осы індетке ұшырағандарға тілектестік білдіріп, еске алуға қатысқандардың әрқайсысына  қызыл лента таратылды. Оны суретші Франк Мур 1991 жылы ойлап тапқан. Соңында «АИТВ/ЖИТС пен өмір сүретін адамдарға мен қалай қараймын» атты тақырыпта құпия сауалнама жүргізілді.АИТВ/ЖИТС проблемасы тек медициналық емес, сонымен қатар әлеуметтік проблема екенін залдағылардың әрқайсысы түсінді.