Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Семей

2015 жылдың 23 сәуірінде Семей қалалық ЖИТС орталығының эпидемиолог -дәрігері Тұрарова Ж.Н. әскери полиция қызметкерлері арасында «ЖИТС және қоғам» тақырыбында семинар өткізді.Семинар мақсаты полиция қызметкерлеріне аймақтағы АИТВ жұқпасының таралуы туралы эпидемиологиялық жағдайды, таралу жолдары, алдын алу шаралары туралы ақпаратты жеткізу.Семинардың теориялық жағы презентация   және «Көңіл аудар» фильмін көрсету арқылы беріліп, тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Семинар жүрісінде көп сұрақтар қойылды, әсіресе ЖИТС жұқпасына шалдыққан адамдардың құқығына  байланысты заң жобалары туралы.