Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Өңірлік апат медицинасындағы семинар

   Өңірлік апат медицинасының  медперсоналдары күнделікті басқалардың өмірін қорғай отырып, өз өмірлерін тәуекел етеді.                                      

Жеткіншектерге арналған денсаулық сабағы

   Өскемен қаласында  жетім  балалр тұратын -Жасөспірімдер үйі бар. Онда ШҚоблыстық ЖИТС орталығының маманы Н.С.Селезнева және СӨСҚО мамандары      Н.В Сабанова. және В.Ф Гусева барды.  

Семей қаласындағы прессконференция

   2015 жылғы 20 қарашада Семей қаласының Ақпарат орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған баспасөз-конференциясы өтті. Профилактика бөлімінің меңгерушісі Қ.Ә.Қонысбаева, емдеу-алдын алу көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Н.Р.Мамырбекова және  эпидемиолог дәрігері Ж.Н.Тұрарова Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күнінің мақсаттары, ҚР, ШҚО,Семей қаласындағы эпидемиологиялық жағдайы және де АИТВ-пен өмір сүретін адамдарға медициналық, әлеуметтік көмек көрсету жөнінде  журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Семей қаласының сотталғандары ЖИТСке қарсы

   Семей қаласының ОВ 156/15 мекемесінде ҚЖИТСО-мен бірлесіп мекеме басшылығы ұйымдастырған Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған айлық шеңберінде акция өтті. Сотталғандар арасында «ЖИТС-ті бірге тоқтатамыз!» ұранында қол күрестіру және гір спорты бойынша жарыстар өткізілді. Соған қарай барлық жасақтар плакаттар конкурсына қатысты. Жарыс жеңімпаздары ЖИТС орталығының мадақтамалары және жүлделерімен марапатталды. Акция  сотталғандарға арналған АИТВ-жұқпасының берілу жолдары және алдын алу шаралары жөніндегі  лекциямен аяқталды. 

ШҚО аудандық дәрігер инфекционистеріне арналған -«ICAP» жобасы

   Облыстық ЖИТС орталығының конференцзалында тұрғындардың 15-49 жас аралығындағы топтарға АИТВ таралуының жоғарғы көрсеткіштері бар аудандық  дәрігер- инфекционистерге арналған семинар өтті.

ЖИТСпен күрес күніне арналған шаралар бойынша айлыққа пресс-релиз

           Қазақстанда  2015 жылдың 1 қарашасына өсу қорытындысы бойынша АИТВ жұқпасымен 26289 жағдай тіркелді.

«Деніміз сау болғаны жақсы»

   2015 жылғы 13 қарашада Семей қаласының индустриялы-технологиялық колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған «Деніміз сау болғаны жақсы» акциясы өтті. Акцияда колледждің оқушыларымен дайындалған  нашақорлықтың, АИТВ-жұқпасының алдын алу және де салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде презентациялар ұсынылды.Оқушылардың күшімен театрланған ойын-сауықтар көрсетілді. ҚЖИТС О профилактика бөлімінің меңгерушісі К.Ә.Қонысбаева Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған айлықтың мақсаттары мен мәселелеріне ерекше көңіл аударды.

Өскемен қаласындағы прессконференция

   Бүгін Өскемен қаласының прессклубында  Бүкіләлемдік ЖИТС күніне арналған прессконференция өтті. ШҚ облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері М.В.Жеголко, емдеу алдын алу бөлімінің меңгерушісі Н.А.Оралбаева, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі И.А.Крук Шығыс Қазақстан облысының жупналистерімен кесдесті.    

Семей қаласының ІІБ өткен семинар

   Өткен аптада  Семей қалалық  ІІМ-нің Оқу Орталығында оқытушылар құрамы және ІІБ –ның тыңдаушы-офицерлер  (барлығы 90 адам) ЖИТС орталығының маманы Ж.Н.Тұраровамен кездесті. Кездесу барысында Ж.Н.Тұрарова біздін өңірдегі АИТВ-жұқпасы жөніндегі бүгінгі эпидемиологиялық жағдай, соған қарай осы аурудың алдын алу шаралары туралы  хабарлады.

Семей қаласының ТЖМ қызметкерлеріне арналған лекция

   10-11 қарашада Семей қалалық  ЖИТС Орталығының  эпидемиолог дәрігері Ж.Н.Тұрарова Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған Кампания шенберінде Семей қаласының  ТЖМ және  өртке қарсы қызметінің  үш бөлімше қызметкерлеріне лекциялар өткізді. Өңірдегі эпидемиологиялық  жағдай, АИТВ-жұқпасының берілу жолдары, алдын алу шаралары туралы презентациялар  ұсынылды. 

Синдикатты контент