Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

ЖИТСпен күрес күніне арналған шаралар бойынша айлыққа пресс-релиз

           Қазақстанда  2015 жылдың 1 қарашасына өсу қорытындысы бойынша АИТВ жұқпасымен 26289 жағдай тіркелді.          Біздің облыста 2015 жылдың 1 қарашасына АИТВ жұқпасымен жалпы саны 2906 адамды құрады. 665 адам қайтыс болды, оның ішінде 147- ЖИТС сатысында. ШҚО бойынша аурушаңдықтың айқындалған қарқынды көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 143,5 құрады. ҚР басқа облыстарының арасында Алматы, Павлодар, және Қарағанды қалаларынан кейін АИТВ/ЖИТС жөнінде аурушаңдықтың айқындалған қарқынды көрсеткіші бойынша ШҚО төртінші орында.                                                                                      Бүгінгі таңда Қазақстанда сапалы алдын алу бағдарламаларының арқасында АИТВмен науқастанған әйелдер дені сау балаларды дүниеге әкелуде. АИТВ-жұқпасының  анадан балаға жұғудың алдын алу мақсатында елімізде кешенді бағдарламалар енгізілген.  Жүкті әйелдерді ерікті түрде  екі рет жоспарлы түрде тестілеу, әйелдер консультациясында диспансерлік есепте тұрмаған  жүкті әйелдерді АИТВ-жұқпасына экспресс диагностикалау, АИТВ-статусы айқындалған жағдайда, босанған кезде анаға және нәрестеге алдын алу емі тағайындалып, бала жасанды тамаққа көшіріледі. Осы шаралар АИТВ жұқпасының анадан балаға жұғу деңгейін төмендетті. ШҚО бойынша АИТВ-жұқпасын жұқтырған аналардан туған 217 баланың -148 –і сау болып туған, 18 балаға АИТВ-жұқпасы диагнозы тағайындалып, 51 баланың статусы әлі айқындалған жоқ.ДДСҰ срапшыларының бағасы бойынша Қазақстан Республикасы қазіргі таңда індеттің шоғырланған сатысында тұр және тұрғындар арасында жұқпаны тарату деңгейі 0,1%  құрайды, Орта Азия аймақтары елдеріне қарағанда төмен.2012-2015 жылдардағы Әлемдік Экономикалық Форумдағы Жаһандық бәсекелес көрсеткіші бойынша «АИТВ таралуы» әлемнің 144 елінің арасында 1 орында (ең төмен аурушаңдық)         Әрбір Әлемдік  ЖИТСпен күрес күні  ұранмен өтеді.  ЖИТСпен күрес  Бүкіләлемдік кампанияның 2015 жылғы ұраны: «Мақсат бағыты: АИТВ мен өмір сүретіндер 90 % өздерінің АИТВ – статустарын біледі,  АИТВ-жұқпасы  диагнозымен 90 %  адам АРТ терапиясын қабылдайды,  АРТ қабылдайтын  адамдардың  90 % вирустық басу алады»Кампанияның түпкі мақсаты АИТВ/ЖИТС мәселелеріне әсер ететін  жұртшылық, саяси, қоғамдық, дiни тағы басқа жетекшiлерлерді қарату және Қазақстан Республикасында АИТВ-жұқпасы бойынша жағдайды жақсарту үшiн күш мобилизациялау.         Әсіресе жастардың  арасында АИТВ –жұқпасының алдын алу және  себептерi  жайлы сұрақтарына, қоғамда науқастарды кемсітуді жою, дер кезінде медициналық көмекке барудың маңыздылығы туралы, өз денсаулығына және жақындарының денсаулығына тілектес жауапкершілік туралы  Республикада барша тұрғындардың ақпараттандырылу дәрежесiн арттыру.