Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Офтальмологиялық орталығында өткен семинар

   Семей қаласының Офтальмологиялық орталығында қалалық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Ж.Н.Тұрарова медициналық қызметкерлерге АИТВ-жұқпасы жөніндегі жаңа нормативтік актілері бойынша семинар өткізді. Бұдан басқа, 2016 жылдың 1 қаңтарына АИТВ жұқпасы жөнінде өңірдегі  эпидемиологиялық жағдай туралы презентация ұсынылды. 

Семей қаласының балалар-жасөспірім кітапханасында оқырмандармен кездесу

   2016 жылғы  қаңтарда Семей қаласының балалар-жасөспірім кітапханасында «Сенің денсаулығың өз қолыңда» тақырыбы бойынша оқырмандармен кездесу өтті.

Серіктестердің кездесуі

   11 желтоқсанда «Шайни  Ривер» қонақ үйінің конференцзалында Қазақстан, Қырғысзстан, Тәжікстандағы сотталғандар арасында  АИТВ алдын алу жөнінде «HIV React Project»  жобасының  партнерларымен бірлескен бағдарламасы бойынша (USAID) халықаралық  дамыту жөніндегі АҚШ агентствосының қаржыландыруымен кездесу өтті.            

Аутрич-қыметкерлермен тренинг

   ШҚ облыстық ЖИТС орталығының  конференцзалында «Тәуекел тәжірибелер. Қауіпті төмендету бағдарламалары»  атты тақырып бойынша  «Куат» қоғамдық бірлестігінің аутрич-қыметкерлерімен тренинг өткізілді.  ШҚО ЖИТС орталығының эпидбөлім меңгерушісінің қызметін атқаруш Н.С.Селезнева тыңдармандарды есірткі тұтынуда қауіпті төмендету  бағадарламаларының элементтерімен таныстырды,  АИТВ-жұқпасының жыныс қатынас кезіндегі тәуекелдiң межелiгiмен.

Акция

   9 желтоқсанда ШҚ облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласының сервистік қоғамдық бірлестіктерімен  ЖИТС пен күрес күніне арналған акция өткізілді.  ЖИТС ортвлығының аймағында АИТВ/ЖИТС проблемасына селқос қарамайтын жандар жиналды.

ЖИТС орталығында 3 желтоқсан «Ашық есік күні» болып жарияланды

   ЖИТС орталығында 3 желтоқсан «Ашық есік күні» болып жарияланды. Бұл күні Орталыққа келгендер АИТВ/ЖИТС сұрақтар  бойынша мамандардың консультациясын ала алады және адамның иммун тапшылығы вирусына тестілеуден өтуге болады.   АИТВ/ЖИТС диагнозы қанның зертханалық талдау нәтижелері бойынша ғана қойылады; мұндай зерттеулерді ЖИТС орталығында тегін өтуге болады, Буров көшесі 21/1,  сағ 8-ден 12-ге дейін.   Анонимді зерттеліп-қаралуы мүмкін.

ЖИТС-ке жоқ, денсаулыққа иә!

   02.12.15 ж. Семей қаласының Орталық саябағында Д.Қалматаев атындағы мед.колледжінің  оқушылары СӨСҚО-ның  және ҚЖИТС О-ның қолдауы арқылы ЖИТС-ке қарсы күніне арналған би флэш-мобін өткізді.   «ЖИТС-ке жоқ, денсаулыққа иә!» Міне біздің біржола таңдауымыз» «Көпке жеткің келсе, өзіңді АИТВ-тен қорға» ұрандарымен аяқтады.Қатысушылар-120 оқушы. Тұрғындарға АББМ таратылды- 250 дана.

ЖИТС-ті бірге тоқтатамыз!

   Cемей қаласының нашар көретін балалар интернатінде «ЖИТС-ті бірге тоқтатамыз!»ұраны бойынша балалардың  суреттер конкурсы өтті. Балалар өз суреттерімен АИТВ-жұқпасының мәселесін ашуға талаптанды.   Профилактика бөлімінің меңгерушісі Қ.Ә.Қонысбаева «АИТВ туралы көбірек біл» тренингін өткізді және  тренинг аяқталғаннан кейін  жеңімпаздар мен қатысушыларды ҚЖИТ О-ның мадақтамаларымен, жүлделерімен марапаттады.

АИТВ және бизнес

   Семей қаласының «DaewooBusKazakhstan» ЖШС-нде Қалалық ЖИТС Орталығының маманы Ж.Н.Тұрарова зауыттың қызметкерлерімен кездесті.   Бизнес  өкілдерімен мынадай мәселе талқыланды: «Таяудағы 5 жылда Сіздің бизнесіңізге АИТВ-жұқпасы қандай әсер етеді?».   Өңірдегі  АИТВ-жұқпасы жөніндегі эпидемиологиялық жағдай хабарланды, қызметкерлер арсында АИТВ-жұқпасы мәселелері жөнінде сауалнама өткізілді. 

ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған жарыстар

    Қайтадан Семей қаласының сотталғандары арасында ЖИТС-ке қарсы күніне арналған айлық шеңберінде жарыстар өтті.  ОВ 156/14 түзеу мекемесінің сотталғандары арқан тартысу, гір көтеру жарысына түсіп үстел теннисін ойнады.  Жарысқа мекеменің 12 жасағы қатысты. Жеңімпаздар ЖИТС Орталығының мадақтамаларымен мараппаталды, бұл олардың жеке іс қағаздарында белгіленеді.

Синдикатты контент