Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Семей қаласының бизнес және қызмет көрсету колледжінде дөңгелек үстел.

   10 қарашада ЖИТС орталығының және СӨСО-ның мамандары Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған айлық шеңберінде Семей қаласының  бизнес және қызмет көрсету колледжінің 4 курс студенттерімен дөңгелек үстел өткізді.

Семей қаласында «Мен, АИТВ-тің алдын алу үшін» тақырыбына өткен флэшмоб.

   17 қарашада Семей қаласының «Өрлеу» бизнес орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған кампания шеңберінде жастардың флэшмобы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары ҚЖИТСО, орталық саябақтың әкімшілігі және «Исток» ҚҚ. «Өрлеу» бизнес орталығының холлында флэшмоб басталмас бұрын ЖИТС орталығының мамандары қатысушылар мен көрермендерге лекция оқып берді. «Исток» ҚҚ-ның волонтерлері- педагогикалық және көлік колледждерінің студенттері жастар әніне билеп берді.  Флэшмоб «Мен, АИТВ-тің алдын алу үшін» ұранымен аяқталды.

Өскемен қаласында пресс-конференция өтті

   15 қарашада Өскемен қаласындағы облыстық диагностикалық орталығында  Бүкіләлемдік ЖИТС күніне арналған пресс-конференция өтті.

Семей қаласының КДО-нда МӘМС жөніндегі семинар

   Семей қаласының консультативті-диагностикалық орталығында МӘМС-дың облыстық штабы қала медициналық қызметкерлеріне «Қазақстанда МӘМС-ды енгізу» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өткізді. ҚЖИТС Орталығының эпидемиолог дәрігері Ж.М.Нұрғалиева бұл  халыққа үшін МӘМС-дың жағымды әсері туралы, 2015 жылғы 16 қарашадағы міндетті медициналық сақтандыру Заңы туралы толық ақпарат берілген семинарға қатысты. Жұмыс орнында тренинг өткізу үшін үлестірме материал берілді.

Университетте өткізілген акция

   1 желтоқсан күні- Бүкілдүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне қарсы «Answer» ҚҚ және «Қуат» ҚБ-пен бірлесі ШҚО ЖИТС орталығының мамандары 10 қараша күні «Мен АИТВ-жұқпасының алдын алу үшін» ұранымен Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетте акция ұйымдастырылды. Акция барысында студенттер облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай жайлы хабарланды, республикалық айлықтың мақсаттарымен, АИТВ-жұқпасы және оның алдын алу сұрақтары бойынша, біздің қоғамда науқастардың дискриминациясын жою туралы таныстырылды.

МӘМС енгізуді жүзеге асыру туралы

Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасында  денсаулық сақтау және әлеуметтік салада «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын түсіндіру жөнінде Үйлестіру Кеңесінің мәжілісі болды.   Онда ШҚО ЖИТС орталығының бас дәрігері Жеголко Марина Владимировнақатысты.                                                      &

«Туберкулез аурушаңдығы салдарының нәтижесі, АИТВ/ЖИТС» атты дөңгелек үстел.

ШҚО талдау және болжау институтында «Туберкулез аурушаңдығы салдарының нәтижесі, АИТВ/ЖИТС» атты дөңгелек үстел өтті.

Семей қаласының құрылыс колледжінде медициналық сақтандыру туралы

3-ші қараша күні Семей қаласының құрылыс колледжінде № 6 АМСК және қалалық ЖИТС Орталығының мамандары бірлесіп медицина жайында семинар өткізді. Бұл семинар мәселесінің бірі  республикада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу. МӘМС не үшін керек? МӘМС-дың  жүйесі қандай ? Қорға аударылатын аударымдар мен жарналар қалай жүргізіледі? Мемлекет кім үшін төлейді? Бұл туралы семинарда студенттер мен оқытушыларға түсіндірілді.

Астана қаласындағы дөңгелек үстел

Қазақстанымыздың солтүстік астанасында АИТВ мен өмір сүретін адамдардың дискриминация және стигма проблемаларын талқылау жөнінде дөңгелек үстел өткізіліп, оған ШҚОЖИТС орталығының маманы Селезнева Наталья қатысты.                     

ШҚО инновациялық технологиялар игеріледі.

   26  қыркүйекте  APPROVED медициналық кампанияның қызығушылығын танытқан ғылыми-шаруашылық фирм «Мэдиленд» облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлеріне BD FAC ағын цитометрімен таныстырды.  Spresto- Т-лимфоциттерінің санын және гемоглабин деңгейін анықтайтын құрал. Бұл көрсеткіштер есепте тұрған АИТВ/ЖИТСпен науқастанған пациенттерге қажет.

Синдикатты контент