ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
Семей қаласының №31 мектеп оқушыларына арналған тренингadmin жазған Бс, 05/18/2017 - 11:08АИТВ/ЖИТС мәселесіне назар аудару, жасөспірімдердің АИТВ-жұқпасынан сақтану дағдыларын дамыту мақсатында 2017 жылғы 12 мамырда Семей қалалық ЖИТС Орталығы алдын алу бөлімінің мамандары №31 ОББМ психологымен бірлесіп 10 сынып оқушыларына ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған тренинг өткізді. Қатысушылар топтарға бөлініп «Ой-талқы», «Қауіп деңгейі», «Сұрақ-жауап» ойындарына белсене қатысты, соның үстінде АИТВ-жұқпасының жұғу жолдары, қорғану тәсілдері және қауіпсіз міңез-құлық жайында білім алды. Семей қаласының наркологиялық диспансерінің медициналық қызметкерлеріне арналған семинарadmin жазған Бс, 05/18/2017 - 11:06ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған іс-шаралар шеңберінде 2017 жылғы 16 мамырда АИТВ-жұқпасын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Н.Н.Кузнецова ҚНД медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Семинар барысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай, ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күнін өткізу мақсаты туралы айтып берді. ЖИТС құрбандарына жаназаadmin жазған Дс, 05/15/2017 - 13:48Мамыр айының үшінші демалыс күні бүкіл әлемде ЖИТС тен қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі. Бұл күні осы аурудан қайтыс болған туған- туыстарын, жақын адамдарын, таныстарын еске алу қалыптасқан. 2017 жылы бұл күн 21 мамырда атап өтіледі. Бүкіл әлемдік ЖИТСтің құрбандарын еске алу күнін өткізудің мақсаты АИТВ/ ЖИТС таралу мәселесіне қоғамның назарын аудару болып табылады. Бұл аурушаңдыққа қарсы қозғалыстың символы бар. Ол кімге қадалған қызыл лента. Пресс-релиз «Еске алу күні»admin жазған Дс, 05/15/2017 - 13:47ШҚО мамыр айының үшінші демалыс күні бүкіл әлемде ЖИТС құрбандарын еске алу күні дәстүрге айналды. Бұл күні біз бір рет сүрініп, өз өмірін жоғалтқандарды еске алады. Немқұрайлылық танытпайтындар құрбан болғандарды еске алу ынтымақтастық белгісімен кеуделеріне қызыл лента түйрейді. Ол АИТВ бар адамдарды түсіну, ЖИТСте ешқандай шекара, ұлт, жыныс, жас мөлшері жоқ екенінің белгісі. Ал ең басты үміттің нышаны, әрине, адамзат бұл ауруды жеңеді! Әскери қызметкерлеріне арналған лекцияadmin жазған Жм, 04/28/2017 - 10:022017 жылдың 26 сәуірінде Семей қаласының 32388 әскери бөлімінде әскери қызметкерлеріне арналған «АИТВ-жұқпасының алдын алу жолдары» тақырыбы бойынша лекция оқып берілді. ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Ж.Н.Тұрарова өңірдегі эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-жұқпасының жұғу жолдары, алдын алу шараралары және қорғану тәсілдері туралы ақпарат ұсынды. Лекция өткізу барысында әскери қызметкерлердің барлық сұрақтарына жауап берілді. Семей қаласының №17 ЖДА-нда өткен семинарadmin жазған Жм, 04/28/2017 - 10:0021 сәуірде Семей қаласы ЖИТС Орталығының маманы Ж.Н.Тұрарова № 17 ЖДА медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинар мақсаты: АИТВ-жұқпасы мәселесі бойынша медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру, этикалық нормалары мен ережелерін сақтай отырып клиникалық көрсеткіштері бойынша пациенттерді АИТВ-жұқпасына кеңінен тексеру, АИТВ пен өмір сүретін адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде құпиялықты сақтау. «Жастар» колледжінде өткен АИТВ-жұқпасы жөнінде ақпараттық жұмысadmin жазған Сс, 04/25/2017 - 13:472017 жылғы 14 сәуірде Семей қаласының «Жастар» колледжінде алдын алу жұмыс бөлімінің меңгерушісі Қ.Ә.Қонысбаева және дәрігер-ұйымдастырушы Д.Д.Тукеева оқытушылар мен студенттерге арналған АИТВ-жұқпасы жөнінде ақпараттық жұмыс өткізді. Қ.Ә.Қонысбаева АИТВ-жұқпасы жайлы жастар мен жасөспірімдерді хабарлау жұмысы оқытушылардың міндеттерінде маңызды, өйткені АИТВ-жұқпасының таралуы тәртіпке байланысты және де алдын алу жұмысында тәрбие мен оқуға көңіл аудару керек деп түсіндірді. Медицина қызметкерлеріне арналған семинар.admin жазған Сс, 04/25/2017 - 13:4514 сәуірде Семей қаласының «Әділ-Ем» №16 ЖДА-нда АИТВ-жұқпасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілеріне медицина қызметкерлерінің қызметін реттеу үшін медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Бұдан басқа, ҚЖИТСО эпидемиолог дәрігері Ж.Н.Тұрарова жұқтырудың жыныстық жолы өсіп жатқанын белгілеп өңірде АИТВ-жұқпасының қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайы туралы презентация көрсетті. Аяқ киім фабрикасында.admin жазған Сс, 04/25/2017 - 13:43«Семей аяқ киім фабрикасы» ЖШС ұжымымен ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Ж.Н.Тұрарова жыл сайынғы кездесу өткізді. Қызметкерлерге өңірдегі АИТВ-жұқпасының таралуы және «Сіздің бизнесіңізге таяудағы 5 жылда АИТВ-жұқпасы қандай әсер етеді?» деген сұраққа басшы дұрыс жауап берген мақсатымен АИТВ пен өмір сүретін адамдарды жасына, жынысына, кәсіби құрамына қарай бөлу жөнінде мәлімет ұсынылды. Кездесу қызықты өтті, қызметкерлер белсенді қатысты, қойылған сұрақтарға жауап берілді. «Семей водоканал» МКК-нда кездесуadmin жазған Сс, 04/25/2017 - 13:41Қалалық ЖИТС орталығының Семей қаласының ірі және орта бизнес құрылымдарды АИТВ-жұқпасы мәселе жөнінде ақпараттау жұмысы жалғастыруда. 7 сәуірде «Семей водоканал» МКК-нда «АИТВ және бизнес» тақырыбына кездесу өтті. ЖИТС орталығының маманы Ж.Н.Тұрарова АИТВ-жұқпасының берілу жолдары мен факторлары, өңірдегі АИТВ-жұқпасы жөніндегі эпидемиологиялық жағдай, жасына, жынысына, әлеуметтік-кәсіби құрамына қарай таралуы туралы айтып берді. Кездесу аяғында басшыға сауалнама толтыруы ұсынылды. |