Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Пресс-релиз «Еске алу күні»

ШҚО мамыр айының үшінші демалыс күні бүкіл әлемде ЖИТС құрбандарын еске алу күні дәстүрге айналды.

Бұл күні біз бір рет сүрініп, өз өмірін жоғалтқандарды еске алады.

            Немқұрайлылық танытпайтындар құрбан болғандарды еске алу ынтымақтастық белгісімен кеуделеріне қызыл лента түйрейді. Ол АИТВ бар адамдарды түсіну, ЖИТСте ешқандай шекара, ұлт, жыныс, жас мөлшері жоқ екенінің белгісі. Ал ең басты үміттің нышаны, әрине, адамзат бұл ауруды жеңеді!

          Шығыс Қазақстан облысында АИТВ-жұқпасымен 3386 адам тіркеліп, оның 1010 әйел адам (29,8%) және 2376 ер адам  (70,2%).  826 адам қайтыс болды, 136 адамның қайтыс болу  себебі ЖИТС шеңберінде  дамыған аурулар болды. Жалпы алғанда «D» есебінде 2308 адам тіркелген. АИТВ диагнозы 27 бала қойылып, оның ішінде 11 – ретроспективті.

          Қазақстанда  АИТВ мен өмір сүретіндердің саны бойынша біздің облыс төртінші орын алады. Бұл жұқпаның таралуы мамандарға алаңдаушылық туғызуда. Ауру емделмейді, бірақ АИТВ мен өмір сүретіндердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін ЖИТС орталығында  індетке қарсы препараттар бар. ШҚО қазір АИТВ жұқпасы оң статустағы 1191 адам осы емді қабылдауда, оның ішінде 26 бала.

            Өскемен қаласында екі өкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. («Answer», «Қуат»), олардың негізгі мақсаты АИТВ мен өмір сүретіндерді қолдап, әлеуметтік адаптация, науқастардың сапалы медициналық көмек алуына көмек көрсету және қоғам АИТВ бар адамдарға толерантты, төзімді қарым- қатынас көрсету.

            Еске алу күні АИТВ-жұқпасы мәселелеріне қоғамның назарын аударуға шақырады өйткені, осы ауру елеулі әлеуметтік-экономикалық проблема болып табылады; дегенмен ем  тегін көрсетіледі, мемлекет көп қаражат жұмсайды: АИТВ-жұқпасымен 1 адамды емдеуге жылына 600 мыңнан 2 млнға дейін қаражат кетеді. Сондықтан, бұл жұқпаның таралуы халыққа заңды алаңдаушылық тудыруды.

21 мамыр күні сағ 10:00 ден 14:00 дейін ШҚО ЖИТС орталығы және («Answer», «Қуат»)  өкіметтік емес ұйымдарының  ұйымдастыруымен Комсомол аралында осы күнге арналған акция өтеді.

Іс-шаралар жоспары:  медициналық колледжінің агит-бригадасыжәне қоғамдастық белсенділері қатысуымен концерт; көрермендермен интерактив, ең жақсы хабардар және белсенділер акция ұранымен кәдесилар алады; буклеттер тарату, «Сіз ЖИТС туралы көбірек не білесіз, ол сіз туралы біледі»; тез тестілеу арқылы АИТВға  тексерілуден мүмкіндік; «Өмір үшін» флеш-моб; Көрме «Тірі көрпе».

Біздің қалада АИТВ / ЖИТС мәселесіне немқұрайлы қарамайтындардың  барлығын шақырамыз!