Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Дарынды балаларға арналған № 34 мектебінде дәріс өтті

2 желтоқсан күні дарынды балаларға арналған № 34 мамандарылған мектебінде 1 желтоқсан күні- Бүкілдүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған дәріс өтті. Дәріс барысында ЖИТС орталағының мамандары «Мен АИТВ алдын алу үшін» ұранымен өткізіліп жатқан айлық туралы, АИТВ-жұқпаның берілетін жолдары, әр бір адам оның алдын алу іс шаралар білу туралы айтты. Видеобейне көрсетті. Оқушылардың барлық қызықтырылған сұрақтарына жауап берді. 

Семей қалалық Орталық саябағында флэшмоб өтті.

   2 желтоқсанда Семей қалалық Орталық саябағының мұз айдынында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған айлық шеңберінде, ауа райының жағдайына қарамастан қалалық ЖИТС орталығының қолдауы арқылы «Жастар салауатты өмір салты үшін» ҚҚ-мен ұйымдастырылған флэшмоб өтті. Жастар қалын қар жауғанына қарамай би билеп берді, би аяқталған кезде болашағымыз ЖИТС-сіз үмітінің белгісін көрсетіп лента түрінде сапқа тұрды.

Семей қалалық кітапханасында өткен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған акция

   2  желтоқсанда Семей қаласының кітапханасында «Дұрыс таңдауыңды жаса»  атты акция  өтті. Кітапхана мамандары Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. ҚЖИТСО алдын алу бөлімінің меңгерушісі Қ.Ә.Қонысбаева АИТВ мәселесі жөнінде лекция оқып берді. «Жаңұя орталығы» ҚҚ-ның психологтары қатысушылармен рөлдік ойындар өткізіп осы тақырыб жөніндегі жағдайларды шешті. Акция кітапхананың ауласында аяқталды.

Ахмир орта мектепте дәріс өтті

   10 қарашадан басталған 10 желтоқсанға дейін жалғасуда айлық барысында ШҚО ЖИТС орталығының эпидбөлімінің мамандары мектептерде жоғары сынып оқутышалар арасында дәрістер өткізуде. Сондай-ақ, Жана-Ахмер ауылының Ахмирорта мектебінде дәріс өтті.

Технико-экономикалық коледжінде өткізілген акция

   1 желтоқсан күні- Бүкілдүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне қарсы 2 желтоқсан күні «Мен АИТВ-жұқпасының алдын алу үшін» ұранымен Өскемен қ. Технико-экономикалық колледжінде  акция өтті. Осы іс-шарада ШҚО ЖИТС орталығының эпидбөлімінің мамандары, Қызыл Жарты ай қоғамының және медициналық колледжнің өкілдері қатысты.

Астанада тренинг өтті

21-мен 25 қараша аралығында Астана қаласында ICAP техникалық қолдауымен ЖИТС Орталықтарының эпидемиологтарына " «Инъекциялық есірткі тұтынушылар (ИЕТ) санын бағалау есебі. RDS Analyst (RDS-A) компьютерлік бағдарламасында ИЕТ арасында шолушы эпидемиологиялық бақылау (ШЭБ) мәліметтерін талдау» атты тренингі өткізілді.

Семей қаласының медицина университетінде МӘМС жөніндегі оқыту.

   Семей қаласының медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында алдын алу бөлімінің меңгерушісі Қ.Ә.Қонысбаева және ЕААКК бөлімінің меңгерушісі Н.Р.Мамырбекова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі оқытудан өтті. МӘМС қатысушыларының өзара қарым-қатынастары, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу, МӘМС жағдайындағы медициналық ұйымдарының қаржыландыру және  менеджмент ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.

Семей қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған баспасөз-конференциясы.

   Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған Кампания шеңберінде Семей қалалық ЖИТС орталығының мәжіліс залында баспасөз- конференциясы өтті. Алдын алу бөлімінің меңгерушісі Қ.А.Қонысбаева, эпидемиолог дәрігері Ж.Н.Тұрарова, инфекционист дәрігері Қ.Б.Малғаждарова және эпидемиолог дәрігері Р.С.Рахметова журналисттерге айлықтың мақсаттары, ШҚО және Семей қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдайы, СП-нің  және ДБ-нің қызметі,  алдын алу жолдары және  АРТ терапияның ұстаушылығы туралы ақпарат ұсынды.

ЖИТС орталығында 5 желтоқсан «Ашық есік күні» болып жарияланды

   ЖИТС орталығында 5 желтоқсан «Ашық есік күні» болып жарияланды. Бұл күні Орталыққа келгендер АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша мамандардың кеңесін алып,адамның иммун тапшылығы вирусына тестілеуден өтуге болады. АИТВ/ЖИТС диагнозы қанның зертханалық талдау нәтижелері бойынша ғана қойылады; мұндай зерттеулерді Буров көшесі21/1 орналасқанЖИТС орталығында тегін сағат 8-00 ден 12-00 ге дейін өтуге болады.

«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» атты дөңгелек үстел

   17 қараша күні ШҚ облыстық ЖИТС орталығының акт залында халықаралық жемқорлықпен күрес күніне арналған «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» атты дөңгелек үстел өтті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті  өкілдері ҚР сыбайлас жемқорлық стратегиясын  ШҚО аймақтарында жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ролі, 2016 жылы сыбайлас жемқорлық ісін қарау жайында айтты.

Синдикатты контент