Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Университеттегі акция

24 қараша күні Шығыс Қазақстан техникалық университетінің № 3 жатақханасында СӨСҚ ОО  «ҚР Қызыл Жарты ай қоғамы» филиалымен бірге Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция өтті.

 СӨСҚ маманы Альфия Айтказина студенттерге осы күнге арналған айлық туралы айтып берді және ҚР ҚЖАҚ ШҚ бойынша директоры Арайлым Әбілғалымова тренинг өткізді.

 ЖИТС орталығының маманы Динара Сәлімбаева барлық тілек білдіргендерге  жедел тестілеу өткізді (12 адам).

Патронажды мейірбикелерге арналған тренинг.

Алматы қаласында 6-10 қараша аралығында өткен  «АИТВ-жұқтырған науқастарға патронаждық медбикелер үйде медициналық көмек көрсетудің негізгі қағидаттары мен тәжірибесі» атты тренингке ШҚО ЖИТС орталығының мейірбикелері қатысты.

 Тренингті ұйымдастырушы- Колумбиялық университеті жанындағы ІСАР.

Тренинтің мақсаты: «Көмек» жобасы шеңберінде АРВ-ға АИТВ мен өмір сүретіндерді емдеуге бейімділігін жақсарту, тиімді жұмыс жүргізу үшін аймақта патронажды мейірбикелерді дайындау.

ҮЕҰ-ның аутрич- қызметкерлерімен өткен тренинг.

16 және 17 қараша күндері ШҚО ЖИТС орталығының конференц-залында «Инъекциялық есірткі қолданатын адамдар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу» тақырыбында тренинг өтті. Зиянды төмендету бағдарламаларын жүзеге асыру үкіметтік емес ұйымдардың аутрич қызметкерлеріне арналған.

Тренингтің ұйымдастырушысы және демеушісі – ЖИТС пен  күресудің Жаһандық қоры.

СП аутрич қызметкерлерімен өткен тренинг.

8 және 9 қарашада ШҚО ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығының мәжіліс залында инъекциялық есірткі қолданатын адамдар арасында тренинг өтті. «Зиянды төмендету» бағдарламаларын іске асыру.

Мақсатты топ: ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығының сенімпунктінің аутрич-қызметкерлері.

Тренингтің ұйымдастырушысы және демеушісі – ЖИТСпен күрес Жаһандық қоры.

Тренерлер - эпидемиолог Наталья Селезнева және сенімпунктінің психологы Динара Салимбаева зиянды төмендету бағдарламаларының элементтері мен АИТВ алдын-алу шараларын қатысушылардың есіне салды.

Бүкіләлемдік ЖИТСпен күреске арналған АИТВ алдын алу жөніндегі пресс-релиз (1 желтоқсан)

2017 жылдың 10 қарашасынан 10 желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстан облысында АИТВ алдын алу жөнінде айлық өтеді.

Ең маңызды медициналық проблемалардың бірі-ЖИТС-жұқпасы.Ол бүкіл әлем бойынша үлкен жылдамдықпен таралуда.Жұқпа пандемиясы адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ) байланысты.

Дүниежүзілік ЖИТСпен күрес күніне арналған АИТВ алдын алу жөнінде айлық (1 желтоқсан)

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №176 Жарлығымен бекітілген 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік денсаулық сақтауды дамытудың іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру шеңберінде 2017 жылдың 10 қарашасынан 10 желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстан облысында АИТВ індетін жұқтырудың алдын алу бойынша айлық өткізіледі.

ЖИТС жөніндегі 16-шы Еуропа Конференциясына қатысу

25-27 қазанда Италияның Милан қаласында Еуропа ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі Еуропалық қоғам (EACS) 16-шы Еуропа ЖИТС-ке арналған конференция өткізілді. Оған Қазақстаннан келген делегация қатысты. ШҚО ЖИТС орталығының бас дәрігері М.В. Жеголко және ЕАКК бөлімінің меңгерушісі Н.А. Оралбаева.

АИТВ мен өмір сүретіндердің көшбасшысы» жобасын іске асыруға байланысты мәселелерді талқылаубойынша 24 қазанда Өскемен қаласында ОДСБ басшысы М.Е. Шорановпен жұмыс кездесуі өтті.

АИТВ мен өмір сүретіндердің көшбасшысы» жобасын іске асыруға байланысты мәселелерді талқылаубойынша 24 қазанда Өскемен қаласында ОДСБ басшысы М.Е. Шорановпен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге Республикалық ЖИТС орталығының бас директоры Б.Байсеркин және АИТВ індетімен өмір сүретін Орталық Азиялық қауымдастығының президенті Н.Аманжолов қатысты.

Журналистерге арналған тренинг.

ШҚО талдау және жобалау институтының конференц залында Өскемен қаласының журналистеріне арналған тренинг өтті.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

 

1) Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Келесі тауарларды және фармацевтикалық қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы:

Синдикатты контент