Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

«Деніміз сау болғаны жақсы»

   2015 жылғы 13 қарашада Семей қаласының индустриялы-технологиялық колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған «Деніміз сау болғаны жақсы» акциясы өтті. Акцияда колледждің оқушыларымен дайындалған  нашақорлықтың, АИТВ-жұқпасының алдын алу және де салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде презентациялар ұсынылды.Оқушылардың күшімен театрланған ойын-сауықтар көрсетілді. ҚЖИТС О профилактика бөлімінің меңгерушісі К.Ә.Қонысбаева Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған айлықтың мақсаттары мен мәселелеріне ерекше көңіл аударды. Белсенді оқушылар Қ ЖИТСО-ның алғыс хаттарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға АББМ таратылды. Қалаушыларға АИТВ-жұқпасына экспресс-тестілеу ұсынылды. 26 адам экспресс-тестілеуден өтті.