Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Семей қаласындағы прессконференция

   2015 жылғы 20 қарашада Семей қаласының Ақпарат орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған баспасөз-конференциясы өтті. Профилактика бөлімінің меңгерушісі Қ.Ә.Қонысбаева, емдеу-алдын алу көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Н.Р.Мамырбекова және  эпидемиолог дәрігері Ж.Н.Тұрарова Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күнінің мақсаттары, ҚР, ШҚО,Семей қаласындағы эпидемиологиялық жағдайы және де АИТВ-пен өмір сүретін адамдарға медициналық, әлеуметтік көмек көрсету жөнінде  журналисттердің сұрақтарына жауап берді. Баспасөз-конференциясында ҚЖИТСО-ның серіктестері СӨСҚҚО, білім беру бөлімі, «Жанұя Орталығы» ҚҚ, «Жас өмір» МО мамандары қатысты.  «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 90%-ы өздерінің АИТВ-жағдайларын біледі; АИТВ-инфекциясы диагнозы бар адамдардың 90%-ы АРТ қабылдайтын болады; АРТ қабылдайтын 90% адамда вирустық басылу орын алады» ұранымен Семей қаласында өткізілетін ЖИТС-ке қарсы күніне арналған іс-шаралар туралы ақпарат ұсынылды.