Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Тренинг

2015 жылдың 25 мамырында «Семей қаласының ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК профилактика бөлімінің меңгерушісі Қ.А.Қонысбаева және «Жан ұя» ҚҚ психологы Н.А.Қуандықова  бірлесіп Жакия Шайжүнісов атындағы Электрондық колледж оқушыларына  АИТВ- жұқпасының  алдын алу тақырыбында тренинг өткізді.Тренинг барысында оқушыларға АИТВ- жұқпасының берілу жолдары,  алдын алу шарасы жөнінде анық ақпарат берілді. АИТВ/ЖИТС проблемасына қызығушылық тудыруға және практикалық дағдыларды, дұрыс шешім қабылдау шеберліктерін қалыптастыруға арналған жаттығулар жасалды.Тренинг  АИТВ/ЖИТС проблемасына қызығушылық тудырып қызу өтті.Оқушылар көптеген сұрақтар  қойып, осы проблема  туралы белсенді түрде өз ойларымен бөлісті.