Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Балаларға арналған сыйлықтар

19 қарашада «Answer»  қоғамдық қоры, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар аясында, Шығыс Қазақстан облысы ЖИТС  орталығының АИТВ-мен өмір сүретін балаларға жеткізу үшін сыйлықтар берді.  ЖИТС орталығының емдеу бөлімінің  меңгерушісі  Наталья Оралбаева қызметкерлерге  және  қоғамдық қордың басшысына көрсеткен орасан зор көмегі үшін алғысын білдірді.

«Қуат» ҚҰ «Біз стигма мен кемсітушілікке қарсымыз» бейнеролигі

«Қуат» ҚҰ қызметкерлері мен еріктілері Қордың қаржылық қолдауымен  «Жаһандық ынтымақтастық. Ортақ жауапкершілік»  ұранымен өтіп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне орай  «Стигма, дискриминация және тұрғындардың осал топтарының  қылмыстық жазалануы салдарынан туындайтын адам құқықтарының бұзылуы » жобасы аясында бейнеклип жасады. Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы негізгі тұрғындарға жедел көмек. Бейнені kuatvk инстаграмынан көруге болады.

Үздік сурет байқауы

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Жаһандық ынтымақтастық,  ортақ жауапкершілік» тақырыбында 2020 жылғы 16-23 қараша аралығында  «Эпидемиялық бақылау шараларына қол жеткізу» жобасы аясында «Answer» үкіметтік емес ұйымы Өскемен,Алтай қалаларының  орта мектептерінің оқушылары арасында сурет байқауын өткізуде. Суреттер Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС орталығының ғимаратында орналастырылған. Барлық іс-шаралар тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ынталандыру, АИТВ-ның алдын-алу мәселелері туралы хабардар ету мақсатында өткізіледі.

Коронавирустық пандемия кезіндегі АИТВ-ның алдын-алу

Емдеу- алдын алубөлімініңмеңгерушісі  Наталья Оралбаева мен эпидемиология бөлімінің меңгерушісіСәуле Кеңиспекова өздерінің  бейне үндеулерінде  коронавирустық инфекцияны шектеу шаралары кезіндегі ЖИТС орталығының жұмысы туралы айтып берді, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына  барлық сақтық шараларын сақтауды өтінді: бетперде  режимін сақтау, арақашықтықты сақтау, отбасылық іс-шараларды кейінге қалдыру, өзін, отбасын  және достарын қорғау!

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дәрі-дәрмек және медициналық құралдар тауарларын сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

1)Тапсырыс берушінің атауы және мекен жайы: Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» шаруашылы жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік  кәсіпорны. Өскемен қаласы, Буров көшесі21/1.

2) Сатып алатын дәрі-дәрмек құралдарының атаулары халықаралық патенттелмеген (сауда атауы - жеке төзбеушілік жағдайда), медициналық бұйымдар атаулары,  сатып алу көлемі, жеткізу орны,  1-қосымшаға сәйкес әрбір лот бойынша өнімді сатып алуға бөлінген сома.

«Altay» телеарнасындағы тікелей эфир

Бүгін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік»  тақырыбында емдеу-алдын алу бөлімінің  меңгерушісіНаталья Оралбаева мен эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі  Сәуле Кеңиспекқызы«Алтай» телеарнасында тікелей эфирге шықты. Спикерлер өз сөздерінде аймақтағы эпидемиологиялық ахуал, негізгі жұғу жолдары туралы әңгімеледі, сонымен қатар жүкті әйелдердің АИТВ-ға тестілеу  ерекшеліктеріне  тоқталды.

«Дені сау жастар - біздің болашағымыз» атты онлайн-конференция

2020 жылдың 13 қарашасында ZOOM платформасында қазақ-корей колледжінің студенттеріне арналған жастар арасындағы репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша конференция өтті. Нашақорлық пен АИТВ-жұқпасының алдын-алу бойынша осы конференцияда ШҚ психикалық денсаулық орталығының психологы және ШҚО ЖИТС ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі И.А.Крук.  Конференцияны Шығыс Қазақстан салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырды.


 

АИТВ жұқпасының алдын алу жөнінде медицина қызметкерлеріне арналған семинар

2020 жылғы 12 қарашада ЖИТС-тың алдын алу және  күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық орталығының мамандары Өскемен қаласының "Денсаулық" дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлері үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері, клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына құпия медициналық зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары, жаңа нормативтік-құқықтық құжаттармен танысу бойынша семинар-кеңес өткізді.

Ерлерге арналған презервативтерді ашық ұлттық тендер арқылы саиып өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ Дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы шаруашылық жүргізу қүқығындағы республикалық кәсіпорны мекен жайы: Алматы қаласы,  Раиымбек даңгылы 60, жоба аясында ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Глобальный Фонд техникалық сипаттамаға сәйкес ерлерге арналған презервативтерді Тендер тәсілімен өткізетіні туралы хабарлайды

 

Жыныс қатынас қызметкерлерінің арасында АИТВ-ның алдын алу

Жыныс қатынас  қызметкерлерінің арасында профилактикалық бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында "ЖИТС-тың алдын алу және күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық орталығы" ШЖҚ КМК мамандарымен 2020 жылғы 05 қарашада жыныс қатынас  қызметкерлері шоғырланған жерлерге шығу жүзеге асырылды. Олармен АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу бойынша әңгіме жүргізілді, презерватив, шприц, брошюралар таратылды, экспресс-тестілеу өткізілді.

Сондай-ақ, ЖИТС орталығы жанындағы достық кабинетінің және сенім пунктінің жұмысы, еріктілік, құпиялылық және анонимдік қағидаттарында консультативтік, медициналық көмекке жүгіну және АИТВ-инфекциясына тексеру жүргізу қажеттілігі туралы айтылды.

Синдикатты контент