Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Жыныс қатынас қызметкерлерінің арасында АИТВ-ның алдын алу

Жыныс қатынас  қызметкерлерінің арасында профилактикалық бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында "ЖИТС-тың алдын алу және күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық орталығы" ШЖҚ КМК мамандарымен 2020 жылғы 05 қарашада жыныс қатынас  қызметкерлері шоғырланған жерлерге шығу жүзеге асырылды. Олармен АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу бойынша әңгіме жүргізілді, презерватив, шприц, брошюралар таратылды, экспресс-тестілеу өткізілді.

Сондай-ақ, ЖИТС орталығы жанындағы достық кабинетінің және сенім пунктінің жұмысы, еріктілік, құпиялылық және анонимдік қағидаттарында консультативтік, медициналық көмекке жүгіну және АИТВ-инфекциясына тексеру жүргізу қажеттілігі туралы айтылды.