Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

АИТВ жұқпасының алдын алу жөнінде медицина қызметкерлеріне арналған семинар

2020 жылғы 12 қарашада ЖИТС-тың алдын алу және  күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық орталығының мамандары Өскемен қаласының "Денсаулық" дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлері үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері, клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына құпия медициналық зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары, жаңа нормативтік-құқықтық құжаттармен танысу бойынша семинар-кеңес өткізді.

Есепке алу кезінде және жүктіліктің 28-30 аптасы мерзімінде жүкті әйелдерді АИТВ инфекциясына уақтылы тексеруге ерекше назар аударылды. РОН және жүктілер тіркелімі базаларымен жұмыс істеу кезінде практикалық көмек көрсетілді.