Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Тарбагатай өткен семинар

Эпидемиолог Татьяна Башкирцева жүкті әйелдер арасында АИТВ-ға тестілеудің қанағаттанарлықсыз қамтылуына байланысты облыс орталығынан 600 км қашықтықта орналасқан Тарбағатай ауданына барды (көрсеткіш  орташа облыстық деңгейден төмен).  АИТВ-ның анадан балаға жұғуы мүмкін екендігін ескере отырып,  болашақ  аналар үшін олардың  АИТВ-статусын білу өте маңызды. Егер диагноз уақытында қойылып, вирусқа қарсы терапия басталса, сау нәресте туылу мүмкіндігі жоғары.

Риддерде өткен семинар

Шығыс Қазақстан облысы ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Әйгерім Батырханова облыс орталығынан 130 км қашықтықта орналасқан Риддер қаласына аттанды, онда іс-шаралар жоспарына сәйкес аумақтық медициналық бірлестіктердің медициналық қызметкерлеріне консультациялық-әдістемелік көмек көрсетті, дәрігер семинар өткізіп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинар барысында АИТВ-ға қатысты заңнамалық және нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістер туралы айтылды.

Өскемен қаласындағы ЭҚ

 Өскемен қаласында коммерциялық жыныс қатынасқа түсетіндер арасында  ЭҚ (АИТВ-жұқпасының таралуына эпидемиологиялық қадағалау) далалық кезеңі басталды.  Мұндай зерттеу  2 жылда бір рет өткізіледі. Қысқа уақыт ішінде ЭҚ ақы төлеу үшін жыныстық қызмет көрсететін әйелдер арасындағы эпидемиологиялық жағдайды зерттеуге мүмкіндік береді. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, ЭҚ ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін жалғасады.Облыстық ЖИТС орталығының медбикесі Динара Салимбаева ЭҚ алғашқы клиентінен қан алды.

ШҚО 2021 жылдың 31 наурызға АИТВ-жұқпасымен 4820 адам тіркелді. ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,424% құрады.

ШҚО 2021 жылдың 31 наурызға АИТВ-жұқпасымен 4820  адам тіркелді.

 ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,424% құрады.

7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні

Дүниежүзілік денсаулық күні 1950 жылдың 7 сәуірінен бастап атап өтіледі. Бұл күн салауатты өмір салтын насихаттауға, зиянды әдеттерден бас тартуға, үкіметтер мен түрлі қорларды қазіргі әлемді шарпыған ауруларды зерттеуге инвестициялауға ынталандыруға қызмет етеді. Осы әрекеттердің барлығы болашақта қоғамды қауіпсіз етуге әкелуі керек.
Күннің іс-шаралары адамдар денсаулығының өмірде қаншалықты маңызды екенін түсінуі үшін өткізіледі.
Синдикатты контент