Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Семей қаласының медициналық университетіндегі дөңгелек үстел

   Қазан айының 16 күнінде  «Семей қаласының ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК Семей медициналық университетінің студенттер деканатымен бірлесіп «Жастар АИТВ-тен  қорғану үшін білу керек» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Қ ЖИТСО-ның эпидемиолог дәрігері Р.С.Рахметова «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медицина-профилактикалық іс», «Мейірбике ісі», «Фармация» және «Стоматология» факультеттерінің 1 курс студенттеріне АИТВ-тің алдын алу мәселелері жөнінде дәріс оқып презентация ұсынды. Студенттер АИТВ-тің берілу жолдары, алдын алу шаралары және де АИТВ-қа  тексерілуді  қайда өтетіні туралы хабарланды. Волонтерлер АИТВ-тен қорғану шаралар туралы «Круиз» ойыны түрінде жаттығулар көрсетті. Р.С.Рахметова қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Іс-шара аяғында АББМ және мүшеқаптар таратылды.