ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
Семей қаласының медициналық университетіндегі дөңгелек үстел
admin жазған Дс, 10/26/2015 - 13:29
Қазан айының 16 күнінде «Семей қаласының ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК Семей медициналық университетінің студенттер деканатымен бірлесіп «Жастар АИТВ-тен қорғану үшін білу керек» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Қ ЖИТСО-ның эпидемиолог дәрігері Р.С.Рахметова «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медицина-профилактикалық іс», «Мейірбике ісі», «Фармация» және «Стоматология» факультеттерінің 1 курс студенттеріне АИТВ-тің алдын алу мәселелері жөнінде дәріс оқып презентация ұсынды. Студенттер АИТВ-тің берілу жолдары, алдын алу шаралары және де АИТВ-қа тексерілуді қайда өтетіні туралы хабарланды. Волонтерлер АИТВ-тен қорғану шаралар туралы «Круиз» ойыны түрінде жаттығулар көрсетті. Р.С.Рахметова қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Іс-шара аяғында АББМ және мүшеқаптар таратылды. |