Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС орталығында жақында медициналық қызметкерлердің әлеуетін бағалау және ЖИТС-қызмет көрсету объектілерінің пациенттердің ағымы бағаланған. Бұл іс-шараның мақсаты - «Сына және емде» стратегиясы шеңберінде елде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеу және күту бойынша қызметтерді жетілдіру мақсатында ұлттық және халықаралық серіктестер пайдаланатын ақпараттарды жинау. Бағалауды Колумбия университеті жанындағы АҚШ-тағы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) ICAP жобасы өкілдері жүргізді. Орталықтың жетекшісі Марина Жеголкомен, ЕАКК бөлімінің меңгерушісі Н.Оралбаевамен емдеу алдын алу бөлімінің басқа да қызметкерлерімен, сондай- ақ пациенттермен бірқатар терең сұхбат жүргізілді.
Алынған ақпарат қызметтің әлеуетін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.