Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

СПИД орталығының әлеуетін бағалау.

Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС орталығында жақында медициналық  қызметкерлердің әлеуетін бағалау және ЖИТС-қызмет көрсету объектілерінің пациенттердің ағымы бағаланған.  Бұл іс-шараның мақсаты - «Сына және емде» стратегиясы шеңберінде елде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеу және күту бойынша қызметтерді жетілдіру мақсатында ұлттық және халықаралық серіктестер пайдаланатын ақпараттарды жинау. Бағалауды Колумбия университеті жанындағы АҚШ-тағы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) ICAP жобасы өкілдері жүргізді.                                                                                                                                                           Орталықтың  жетекшісі Марина Жеголкомен,  ЕАКК бөлімінің меңгерушісі Н.Оралбаевамен емдеу алдын алу бөлімінің басқа да қызметкерлерімен, сондай- ақ пациенттермен  бірқатар терең сұхбат жүргізілді.
  Алынған ақпарат қызметтің әлеуетін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.