Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

«Жастар» колледжінде өткен АИТВ-жұқпасы жөнінде ақпараттық жұмыс

2017 жылғы 14 сәуірде Семей қаласының «Жастар» колледжінде алдын алу жұмыс бөлімінің меңгерушісі Қ.Ә.Қонысбаева және дәрігер-ұйымдастырушы Д.Д.Тукеева оқытушылар мен студенттерге арналған  АИТВ-жұқпасы жөнінде ақпараттық жұмыс өткізді. Қ.Ә.Қонысбаева АИТВ-жұқпасы жайлы жастар мен жасөспірімдерді хабарлау жұмысы   оқытушылардың міндеттерінде маңызды, өйткені АИТВ-жұқпасының таралуы тәртіпке байланысты және де алдын алу жұмысында тәрбие мен оқуға көңіл аудару керек деп түсіндірді. Дәрігер-ұйымдастырушы Д.Д.Тукеева  өңірдегі АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, жастар арасындағы берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы айтып берді. Лекция аяқталған соң  оқытушылар мен студенттерге СӨС Орталығы берген буклеттер үлестіріп берілді.