ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
«Жастар» колледжінде өткен АИТВ-жұқпасы жөнінде ақпараттық жұмыс
admin жазған Сс, 04/25/2017 - 13:47
2017 жылғы 14 сәуірде Семей қаласының «Жастар» колледжінде алдын алу жұмыс бөлімінің меңгерушісі Қ.Ә.Қонысбаева және дәрігер-ұйымдастырушы Д.Д.Тукеева оқытушылар мен студенттерге арналған АИТВ-жұқпасы жөнінде ақпараттық жұмыс өткізді. Қ.Ә.Қонысбаева АИТВ-жұқпасы жайлы жастар мен жасөспірімдерді хабарлау жұмысы оқытушылардың міндеттерінде маңызды, өйткені АИТВ-жұқпасының таралуы тәртіпке байланысты және де алдын алу жұмысында тәрбие мен оқуға көңіл аудару керек деп түсіндірді. Дәрігер-ұйымдастырушы Д.Д.Тукеева өңірдегі АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, жастар арасындағы берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы айтып берді. Лекция аяқталған соң оқытушылар мен студенттерге СӨС Орталығы берген буклеттер үлестіріп берілді. |