ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні Қазақстанда АИТВ стигмасын азайту үшін жасөспірімдер мен жастарға арналған жарыс басталады!admin жазған Жм, 12/03/2021 - 15:02JasSpark жобасы аясында Колумбия университетінің Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығы АИТВ стигмасын азайту және АИТВ-ға тестілеуді арттыру мақсатында медиа-контент жасау үшін жасөспірімдер мен жастарға арналған байқауды бастайды. ✅Байқаудың мақсаты – АИТВ стигмасын төмендетуге және АИТВ-ға тестілеуді арттыруға бағытталған жасөспірімдер мен жастарға қатысты релеванитты контент жасау. ✅Байқауға 13 пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар қатыса алады. ✅Байқауға әртүрлі мазмұнды жіберуге болады: суреттер, бейне, аудио немесе мәтін ✅Финалға қатысушылар Колумбия университетінің жүлделері мен қатысу сертификаттарын алады ✅Финалға қатысушылардың жұмыстары ғылыми зерттеуге енгізіліп, кейін жарияланады ✅Жұмыстар 2022 жылдың 1 ақпанына дейін тапсырылуы тиіс Толық ақпаратты мына сайттрдан алуға болады: jasspark.ghrcca.org, https://www.tiktok.com/@jasspark_kz Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментімен кездесу.admin жазған Жм, 12/03/2021 - 14:12Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету бөлімінің басшылығымен және Өскемен қаласында орналасқан медициналық бөлімшелердің басшыларымен (ОВ 156/1,2,3,20 мекемелер) ШҚО ЖИТС орталығында ведомствоаралық кеңес өтті. Жиналыстың күн тәртібі: - бірлескен іс-шаралар жоспарының қорытындысын шығару; - облыстағы және пенитенциарлық жүйедегі АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы. Баяндамашы: эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі С.Қ.Кеңиспекова; - ҚАЖД мекемелерінде АИТВ мен өмір сүретіндерді диспансерлік бақылау. Баяндамашы: Емдеу алдын алу бөлмінің меңгерушісі Н.А. Оралбаева ; - қан сынамасын алу және биоматериалды диагностикалық зертханаға жеткізу. Баяндамашы: диагностикалық зертхана меңгерушісі О.Корякина; Отырыс нәтижесінде 23 тармақтан тұратын жазбаша шешім қабылданды. Ауыл жасөспірімдерімен өткізілген вебинарadmin жазған Жм, 12/03/2021 - 14:10«Сенің әлемің» қоғамдық қорының директоры Вадим Антипин «Қазақстанның болашағы үшін» ҮЕҰ қолдауымен «ЖЖБИ. Алдын алу».тақырыбында вебинар өткзді. Вебинар тыңдаушылары – Шемонаиха ауданы Рулихин орта мектебінің жасөспірімдері. Қол жетімді нысанда, презентациялар түрінде жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға жалпы шолу ұсынылады: симптомдар, сақтық шаралары. ҚДА бойынша тренингіadmin жазған Жм, 11/26/2021 - 15:28ШҚ облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері Жаһандық қор жобасы аясында «Қазақстанда АИТВ-ның алдын алу бағдарламасына ЕпенЕ және транс адамдарды тарту» тренингіне қатысты, оны «Ғылыми-практикалық бастамалар орталығы» ҚР ҚҚ жүргізді.Тренингтің мақсаты қызметкерлерді қатынасқа дейінгі алдын алу алгоритмін, тестілеуге дейінгі және кейінгі кеңес беруді, әлеуметтік қолдауды, сондай-ақ пациенттермен қарым-қатынас негіздерін үйрету болып табылады. Қатынасқа дейінгі алдын алу АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың жыныстық серіктестерінің жұқтыру қаупін азайтады. Оқуды аяқтаған соң 19 қызметкер сертификат алды. 1 қалалық емханада өткен семинарadmin жазған Жм, 11/26/2021 - 15:24Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологы Наталья Селезнева Өскемен қаласындағы №1 емхананың медицина қызметкерлерімен семинар өткізді. Әдеттегідей, семинар бағдарламасында: АИТВ эпидемиологиялық жағдайы, «95-95-95» стратегиясы, АИТВ-ға қан алу ережелері, үлгілерді кодтау, қанмен жұмыс істеу кезіндегі төтенше жағдайлар алгоритмі, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу. АИТВ -мен өмір сүретін адамдар. Бекітілген тұрғындар арасында АИТВ-ның ерте диагностикасына ерекше көңіл бөлінді. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дәрі-дәрмек және медициналық құралдар тауарларын сатып алуды өткізу туралы хабарландыруadmin жазған Бс, 11/25/2021 - 14:521)Тапсырыс берушінің атауы және мекен жайы: Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» шаруашылы жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Өскемен қаласы, Буров көшесі21/1. 2) Сатып алатын дәрі-дәрмек құралдарының атаулары халықаралық патенттелмеген (сауда атауы - жеке төзбеушілік жағдайда), медициналық бұйымдар атаулары, сатып алу көлемі, жеткізу орны, 1-қосымшаға сәйкес әрбір лот бойынша өнімді сатып алуға бөлінген сома. Рейдadmin жазған Бс, 11/25/2021 - 13:00ШҚ облыстық ЖИТС орталығының достық кабинетінің мамандары Динара Мукушева мен Людмила Авдеева тұрғындардың негізгі тобы (ЖҚҚ) арасында профилактикалық жұмыс жүргізу үшін қаладағы сауналарға рейд жүргізді. Рейд барысында консультациялық көмек көрсетіліп, тақырыптық буклеттер таратылып, АИТВ-статусын анықтау бойынша экспресс-тестілеу жұмыстары жүргізілді. Шара Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған онкүндік аясында өтті.
Дәрігер эпидемиолог бос лауазымына конкурстық іріктеудің нәтижелеріadmin жазған Дс, 11/22/2021 - 13:13Ұсынылған құжаттар, әңгімелесу нәтижелері негізінде үміткердің кәсіптік және жеке қасиеттерін, білімі мен қабілеттерін бағалау нәтижесінде конкурстық комиссия Нұрпейісову Гүлнәр Қабдулақызыэпидемиология бөлімінің дәрігер эпидемиологбос қызмет орнына қабылдау туралы шешім қабылдады. тендер тәсілімен сатып алу әдісі туралы ХАБАРЛАНДЫРУadmin жазған Жм, 11/19/2021 - 15:141) Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Өскемен қаласы, Буров көшесі 21/1 2) Тендерлік құжаттамада сатып алынған бұйымдардың толық тізбесі, олардың саны және егжей-тегжейлі ерекшеліктері көрсетілген.1,2 қосымша. 3. Мерзімі мен талабы тендердің құжаттың 1 қосымшасына сәйкес. Денсаулық сақтау мекемелерінде өткен семинарларadmin жазған Жм, 11/19/2021 - 09:40Бүгін ШҚО ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Әйгерім Батырханова Катон қарағай ауданының (ауданаралық аурухана және орталық аудандық аурухана) медицина қызметкерлерімен семинар өткізді. Бұл ретте «Фемина» ЖШС ZOOM-қа қосылды; Олармен эпидемиолог Татьяна Башкирцева сұхбаттасты. COVID-19 жағдайының тұрақсыз болуына байланысты ол онлайн режимде өтті. Әдеттегідей, бағдарламада: АИТВбойынша құқықтық база; төтенше жағдайлардағы әрекеттер алгоритмі; АИТВ-ны клиникалық көрсеткіштер бойынша анықтау: ИФТ зерттеу үшін қан алу ережелері. |