Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

ҚАЖ департаментте кеңес өткізу

       ШҚО қылмыстық-атқару жүйесінің департаментінде бірлескен жоспар бойынша ЖИТСтің алдын алу және күресжөніндегі орталығының мамандарымен кеңес өткізілді.Кеңеске ҚАЖД емдеу және алдын алу жөніндегі бастығының орынбасары Р.С.Мухаметкалиев, сотталғандардың медициналық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторлары және облыстық түзету мекемелерінің медициналық бөлімдерінің бастықтары қатысты.ЖИТС орталығының ЕАА бөлімінің меңгерушісі Н.А.Оралбаева бас бостандығынан айыру орындарында АИТВ/ЖИТС жұқтырғандардың емдеу кезіндегі маңызды қажеттілігін атап өтті.ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Н.С.Селезнева пенитенциарлық жүйесінің қызметкерлерімен бас бостандығынан айыру орындардағы ахуалды жағдайды талқылады: биыл мекеме ішіндегі АИТВ-жұқтырған жағдайлар өсті, сондықтан сотталғандардың арасында АИТВ жұқпасының алдын алу шараларының тиімділігін жоғарлатып, шара қолдану қажет.