ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
Гепатологтарға арналған халықаралық конгресс
admin жазған Дс, 06/29/2015 - 10:09
ШҚ облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері 25-26 маусымда Өскемен қаласында ҚР ДСМ және Ұлттық Медициналық Холдингтің ұйымдастыруымен өткен Қазақстан гепатологтарының ІІ конгресіне қатысты. Конгресті ҚР медициналық ғылыми Академиясының академигі, профессор, органды алмастыру Республикалық үйлестіру орталығының басшысы және ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру Департаментінің директоры Г.У.Күлкаева ашты, ол бауыр потологиясын емдеудегі соңғы жетістіктер туралы айтты. ШҚО әкімі Д.А.Ахметов қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі, Қазақстан тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің сапасының артуына үміт күтетінін және мемлекет ауруханаларды жаңа жабдықтармен жабдықтау үшін бәрін жасайтынын тиек етті. Ресей, Германия, Болгария, Израиль, Турция, Арменияның мамандарымен . «С» вирусты гепатитін (ВГС), бауыр циррозын емдеудедегі жетістіктермен бөлісті. Бүгінгі таңда ВГС нәтижесінде бауыр патологиясын емдеуге болатынына және оң нәтиже бар екеніне конгресске қатысушылардың көздері жетті |