ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
ЖИТС тен қайтыс болғандарды еске алу күні
admin жазған Ср, 05/13/2015 - 08:55
Бүкіл әлемде жыл сайын мамыр айының үшінші аптасында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі. Бұл күні адамдар осы науқастан қайтыс болған туыстарын, жақындарын, жай ғана таныстарын еске алады. 2015 жылы бұл күн 17 мамырға келіп отыр. ЖИТС-тен қайтыс болғандарды Бүкіләлемдік еске алу күнін өткізудің мақсаты АИТВ/ЖИТС-тің таралу проблемасына, АИТВ-жұқпасын әлеуметтік қорғауға әлем қоғамының назарын қарату. Осы ауруға қарсы қозғалыс символы бар, ол киімге қадалған кішкене қызыл лента. Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ассоциацияның мәліметіне сәйкес, жер жаһанда 42 миллионнан астам адам АИТВ-жұқпасын жұқтырған, және күн сайын бұл сан 14-15 мыңға ұлғайып отыр. АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың көбі 35 жасқа дейінгі жастар. Соңғы 25 жылда ЖИТС-тен 25 миллионға жуық адам қайтыс болды. ЖИТС орталығының қызметкерлері және АИТВ таралуына қарсы қозғалыс белсенділері адамдарды жұқпа қаупі туралы ескертеді және бұл қауіптен қашуын үйретеді. Осы күннің қарсаңында облыс пен қала бойынша еске алу және қайырымдылық акциялары өткізіледі. |