Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Акушер – гинекологтармен өткен конференция

29 қаңтарда ШҚ облыстық ЖИТС орталығының мамандары  Л.П. Алексеева және  Н.С. Селезнёвамен «АИТВ-жұқпасын жұқтырған  аналардан перинатальды трансмиссияның алдын алу» тақырыбы бойынша ЖЖМА перзентханасында акушер-гинекологтарымен конференция өткізілді.                   АИТВ жұқпасын жұқтырған жүкті әйелдерге және олардан туған балаларға акушерлік көмек «Гинекологиялық науқастарды және жүкті әйелдерді госпитализациялау туралы» облыстық денсаулық сақтау департаментінің 2007 жылғы 11 шілдедегі №640  бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.- Өскемен қаласының ана мен бала орталығында (босану, жүктілікті үзу, ота жасау).  2014 жылдың 12 айында АИТВ-жұқпасын жұқтырған 60 жүкті әйел  тіркеліп, 39 әйел босанды, 21 әйел жүктілікті үзді.  Перзентхана мамандары жылдың соңындағы эпид жағдаймен, ҚР қазіргі  АИТВ-жұқпасының классификациясымен танысты. Конференция барысында  облыстың акушер-гинекологтарының  істеліп бітпеген жұмыстары талқыланып, дәрігерлердің сұрақтарына жауаптар берілді.