Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Астана қаласындағы кеңес мәжілісі

ШҚ облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері М.В.Жеголко өткен аптада «АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша қызмет көрсетудің қол жетімділігін арттыру және иньекциялық есірткі қабылдайтын адамдарды емдеу, күтім жасау, қолдау»  тақырыбында Астана қаласында өткен екі күндік кеңес мәжілісіне қатысты.                                                                               Мәжілісті ұйымдастырушы ЮНЭЙДС, Орта Азияда және Шығыс Европада Аймақтық қолдау тобы. ҚР ДСМӘД , АИТВмен өмір сүретін адамдардың қазақстандық одағы, Республикалық ЖИТС орталығы, ҚР ДСМӘД    нашақорлықтың медико әлеуметтік  ғылыми  практикалық республикалық орталығының өкілдері қатысты.                                                                                                                               Мәжілістің мақсаты: есірткі тұтынатын адамдарды емдеу, күтім жасау, қолдау, АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша қызмет алуға қолжетімді жолдарын жақсартуды талқылау. Пленарлы сессияларда ҚР алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі табыстары, АИТВ жұқпасының алдын алу жөнінде қызмет алуға қолжетімді жолдарының  жақсарғаны қаралды;                                                                                                                  АИТВ алдын алу қызметінің жақсаруына қолжетімділікті жақсарту үшін ұлттық жауап шаралары. Қазақстанда алдын алу бағдарламаларының біліктілігін арттырып, жаңарту үшін иньекциялық жолмен есірткі тұтынатындарға  қызмет көрсету тәжірибелері талқыланды.