Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Жаңа жылда жаңа басшымен!

Жаңа жылда  облыстық ЖИТС орталығында  жаңа оқиға болды: бас дәрігер болып Жеголко Марина Владимировна тағайындалды            Марина Владимировна Қарағанды Мемлекеттік медициналық институтты 1986 жылы тәмамдағаннан кейін Алматы қаласындағы аудандық санэпидстанцияда дәрігер-бактериолог болып өзінің қызметін бастады. 1990 жылдың қарашасынан Республикалық ЖИТС орталығында дәрігер-эпидемиолог болып қызмет атқарды, 1991 жылы қызмет бабымен Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығына дәрігер –эпидемиолог лауазымына ауыстырылды. 1996 жылдың ақпан айынан бөлім меңгерушісі болды. 1999 жылдан бірінші санатты дәрігер-эпидемиолог. 25 жыл өзінің кәсіби парызын атқарып келеді, АИТВ-жұқпасының таралуын облыста қалай тежесе, солай Қазақстанда тежеуде. Барлық бастамада алда жүреді, қызметкерлердің арасында беделді.            Былтырғы жылдың қазан айында бас дәрігеріміз Петр Николаевич Коллар қатты науқастанғаннан, орталықтың қызметін М.В.Жеголко басшылыққа алып, бірінші басшы міндетін атқарды, ешбір шешілмеген проблема болған жоқ, мекеме бірқалыпты жұмысын атқарып жатты.            Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталықтың ұжымы Марина Владимировнаны бас дәрігер лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оған творчестволық табыс тілейді!