ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
«АИТВ-жұқпасы және нашақорлықтың алдын алу әдістері және жаңа нысандары»
admin жазған Жм, 11/07/2014 - 14:55
Бүгін 7 қараша күні ШҚО ББ «Шығыс» АО конференц-залында «АИТВ-жұқпасы және нашақорлықтың алдын алу әдістері және жаңа нысандары» атты облыстық семинар өтті.Семинардың мақсаты: мектепте алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.Ұйымдастырушы: ШҚО ББ «Шығыс» аймақтық орталығы.Семинарға қатысушылар: облыстың жалпы білім беру мектептерінің әлеуметтік ұстаздары және тәрбие жұмысы бойынша директорлардың орынбасарлары. Жастар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу әдістері және жаңа нысандары туралы эпид жағдай бойынша ШҚ облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығының бас дәрігердің м.а Жеголко Марина Владимировна сөз сөйледі. Семинардың соңында есірткі тұтыну туралы «Подвалы Дыбенко» атты деректі фильм көрсетілді. |