Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

«Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлығының алдын алу» атты сұхбат алаңы.

   «Жанұя орталығы» ҚҚ ПРООН және білім беру бөлімінің қолдауы арқылы Семей қаласының Абай атындағы кітапханасында «Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлығының алдын алу»  тақырыбы бойынша сұхбат алаңын өткізді. Сұхбат алаңына қаланың аға прокуроры, бас педиатры, Орталық полиция бөлімінің инспекторы, жасөспірім сотының психологы, қалалық ЖИТС орталығы мен наркология диспансерінің мамандары, қала мектептерінің педагог-психологтары қатысты. Сұхбат барысында жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау, нашақорлық,  уытқұмарлық, араққұмарлық, АИТВ жұқпасы мәселелері талқыланды. Сұхбат алаңы соңында бұл мәселені шешу үшін барлық мүдделі тараптардың әрекеттерін үйлестіруге ұсыныстар қабылданды.