Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

АИТВ/ЖИТС туралы

АИТВ жайлы нені білу қажет?

АИТВ-бұл адамның иммунитет тапшылығының вирусы. АИТВ мен өмір сүретіндерді  АИТВ-жұқпасын жұқтырған деп атайды. (АИТВ-оң немесе АИТВ-позитивті)  ЖИТС-жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы. АИТВ –жұқпасын жұқтырған адамда бір немесе бірнеше басқа сырқаттар айқындалған жағдайда немесе иммундық клеткалардың деңгейі белгілі деңгейге дейін төмендегенде ЖИТС диагнозы қойылады. АИТВ қоршаған ортада өмір сүрмейді, ашық ауада бірнеше секундта өледі, бірақ тазалалсыздандырылмай қолданылған шприцтегі қанда немес басқа сұйықтықта вирус бірнеше күн өмір сүреді.     АИТВ адамдардың арасында тұрмыстық қарым-қатынастарда жұқпайды, қол алысу, құшақтасу,  сілекей, сүйіс, зәр, үлкен дәрет, тер, көз жастары, бүтін тері втусқа кедергі бола алады.  АИТВ ванна және дәретхананы  бірлесіп қолданғанда жұқпайды. АИТВ асхана аспаптарын, ыдыстарды бірлесіп қолданғанда жұқпайды. АИТВ ауамен, жиһазды бірлесіп қолданғанда, телефон тұтқасын ұстағанда және т.б жағдайларда да жұқпайды. АИТВ құрт-құмырсқа шаққан жағдайда да жұқпайды. АИТВ-ныңнегізгі жұғу жолдары:  қорғанусыз жыныс қатынасына түсу, қан жұққан инъекциялық құралдарды қолдану кезінде, иньекция  арқылыесірткіні қолданған кезде;  АИТВ-жұқпасын жұқтырған анадан балаға жүктілік кезінде, немесе босанған кезде, емізгенде АИТВ-жұқпасының таралу көлемдері бүгін ғаламдық мінезді иемденді және көптеген әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына  шынайы айбатты тиіп отыр.  Өзіңнің АИТВ статусыңды анықтаудың бірден-бір амалы – АИТВ тестен өту. қорғансыз жыныс қатынасына түскеннен кейін, иньекция арқылы есірткі тұтынғаннан кейін 2 аптадан 3 ай көлемінде тесті жүргізу қажет. Қайталап 3-6 айдан кейін тест жүргізу ұсынылады, себебі  антиденің жұғуы мен пайда болуы арасында "серологиялық терезе" пайда болады, осы кезде зертхананың деректері теріс нәтижені көрсетеді, тіпті АИТВ жұқпасы бар жағдайда да.  АИТВ жұғу қаупін төмендету үшін, қауіпсіз жыныс қатынас ережелерін сақтау, есірткіден бас тарту. Анадан балаға жұғудың алдын алу үшін АИТВ-жұқпасын жұқтырған жүкті аналар  дәрігермен тағайындалған вирусқа қарсы препарттарды жүктілік 26-28 аптадан бастап қолдану керек, сонымен қатар босанған кезде. АИТВ-жұқпасымен туған балаларға бірден алдын алу ем-шаралары жүргізіледі. Әркімнің ісі –проблеманы елемеу немесе өзіңді және өзің сүйетін адамдарды АИТВдан сақтауды үйрену.

 

АИТВ сұрақтары мен жауаптары

 

Сұрақ: АИТВ/ЖИТС –екеуі бір ме?

Жауап: Жоқ. АИТВ-адамның қорғаныш тапшылығының вирусы, ол ағзаны аурулардан қорғайтын  иммундық жүйелерді бұзады. ЖИТС- АИТВ-жұқпасының ең соңғы кезеңі, адамда әртүрлі жұқпалар өрбіп, олармен күресуге ағзаның шамасы келмейді.

 

Сұрақ: АИТВ –жұқпасымен тек қана нашақорлармен жезөкшелер ауыра ма?

Жауап: Жұқпаға әркімнің шалдығуы мүмкін.

 

Сұрақ: Адамның сырт тұлғасына қарап АИТВ-жұқпасын жұқтырған адам екенін анықтауға бола ма?

Жауап: Ол мүмкін емес. Сырт тұлғасына қарап АИТВ-жұқпасын жұқтырған адам екенін анықтай алмайсың, тек тексеру кезінде ғана (АИТВ-ға қан тапсыру).

 

Сұрақ: АИТВ-жұқпасын жұқтырған адамға ота жасаудан бас тарта ма?

Жауап: АИТВ-жұқпасын жұқтырған адамға ота жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.

 

Сұрақ: АИТВ-жұқпасының алдын алу жөнінде қай уақытта баламен әңгімелесуге болады?

Жауап: Неғұрлым ерте болса соғұрлым жақсы. Аулаларда, кіре берістерде жатқан қолданылған шприц-инелерді алуға тиым салу керек.

 

Сұрақ: АИТВ-жұқпасы қалай көрінеді?  

Жауап: алғашқы жылдары еш көрінбейді. Кейін ағзаның АИТВ-жұқпасымен күресу қиындай түскенде бронхит, өкпеге суық тию, ұшық, кандидоз, диарея, адамның салмағы азаюы байқала бастайды. Сонымен қатар туберкулез, онкология т.б ауыр ауруларға шалдығу мүмкін.

 

Сұрақ: Егер менің жолдасым АИТВ шалдыққан болса, маған АИТВ жұғудың қандай мүмкіндігі бар

Жауап: Егер жыныс қатынас кезінде сақтанбасаңыз қауіп өте жоғары.

 

Сұрақ: АИТВ-жұқпасын жұқтырған адам қай жерден медициналық көмек ала алады?

Жауап: Барлық емдеу мекемелерінен көмек алуға болады. Арнай емді ЖИТС орталығының мамандары тағайындайды.  

 

Сұрақ: АИТВ-ға қай жерде тексерілуге болады? Ол ақылы ма?

Жауап:  АИТВ жұқпасына тексерілу үшін ЖИТС орталығында немесе  тұрғылықты мекен жай бойынша кез келген медициналық мекемелерде қан тапсырып тегін өтуге болады.

 

Сұрақ: Жыныстық қатынасқа бір рет түскенде АИТВ жұқпасын жұқтыруға болама?

Жауап: Толығымен, егер ол қорғалмаған қатынас болса. Етек кір кезінде қауіп өте жоғары, сонымен қатар әртүрлі суық тию, жатыр мойнының эрозиясы т.б ауруларға шалдыққан кездерде.

 

Сұрақ: АИТВ-жұқпасынан дәрі-дәрмек бар ма?

Жауап: Ағзада вирустардың көбеюіне жол бермейтін препараттар бар. Бірақ АИТВ-дан мүлдем айығуға дәрі-дәрмек жоқ!

 

Сұрақ: АИТВ –жұқпасын жұқтырған жүкті әйелдер жүктілік және босану кезінде міндетті түрде алдын алу емін алу қажет пе?

Жауап: Бала сау болып тусын десеңіз жүктіліктің 28-ші аптасынан, босанғанда және бала туғаннан кейін 6 апта көлемінде ем қабылдаған жөн.

 

Сұрақ: Қастықпен АИТВ-жұқпасын жұқтырғандарға қандай жауапкершілік бар?

Жауап: ҚР қылмыстық кодексіне сәйкес АИТВ-жұқпасын қастықпен жұқтырғандарға бас бостандығынан 8 жылға дейін айыру көзделген.

 

Сұрақ: АИТВ-жұқпасымен адамдардың өмір сүру ұзақтығы қанша?

Жауап: Егер вирусқа қарсы емді қабылдайтын болса, адамдар АИТВ-жұқпасымен 15-20 жыл өмір сүре алады, (вирусқа қарсы терапия).

 

Сұрақ: Жұмыс беруші АИТВ-жұқпасын жұқтырған адамды жұмысқа алудан бас тартуға құқығы бар ма?

Ответ: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес АИТВ-жұқпасын жұқтырған адамды жұмысқа қабылдаудан бас тартуға құқысы жоқ.

 

Сұрақ: Егер сыныпта АИТВ-жұқпасын жұқтырған бала болса басқа балалар жұқтыруы мүмкін бе?

Жауап: Қобалжудың қажеті жоқ, Вирус тұрмыстық жолмен жұқпайды.

 

Сұрақ: АИТВ-жұқпасын жұқтырғандар әскер қатарында қызметін атқара ала ма?

Жауап: Жоқ,  АИТВ-жұқпасын жұқтырғандар әскери міндеттерден босатылады (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы          
Қорғаныс министрлігінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 37 бұйрығының негізінде)

 

Сұрақ: Косметикалық салондарда маникюр, педикюр жасаған кезде АИТВ-жұқпасын жұқтыру мүмкіндіг бар ма?

Жауап:  Егер залалсыздандырылмаған аспаптарды қолданса жұқтыру қаупі бар.

 

Сұрақ: АИТВ-жұқпасының алдын алу үшін жүктіліктен сақтану құралдарын пайдалануға бола ма?

Жауап: Ешқашан. Жүктіліктен сақтану құралдары тілемейтін жүктіліктен ғана сақтайды.

 

Сұрақ: Кездейсоқ серіктеспен қорғанусыз жыныстық қатынаста болғаннан кейін не себепті 3 айдан кейін АИТВ-жұқпасына қайталап  анализ тапсыру керек?

Жауап: Қанда  АИТВ-ға антидене 3 айдан кейін ғана көрсететін кезеңдер болады. Сондықтан міндетті түрде қайталап анализ тапсыру қажет.

 

Сұрақ: АИТВ-жұқпасын жұқтырған әйел бала туа ала ма?

Жауап: Иә, сау бала да тууға болады, егер жүктілік кезінде алдын алу емін жүргізіп, баланы емізбесе.  

 

Сұрақ: Егер менің тамыр арқылы есірткі тұтынған жігітім болса, мен АИТВ-жұқпасын жұқтыра аламын ба?

Жауап: Егер қорғанусыз жыныс қатынасы болса, сізде жұқтырып алу қаупі бар.