Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

БМСК медицина қызметкерлері үшін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған конференция өткізді

   2016 жылғы 28 наурызда салауатты өмір салтын қалыптастыру қалалық Орталығы өңірлік туберкулезге қарсы диспансері мен қалалық ЖИТС орталығын қатыстырып БМСК медицина қызметкерлері үшін  Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған конференция өткізді. СӨСҚ Орталығының және туберкулезге қарсы диспансердің мамандары Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күнінің мақсаттары, туберкулездің ерте диагностикасы және алдын алу мәселелері туралы айтты. ҚЖИТСО инфекционист дәрігері Р.Б.Алшинбекова АИТВ-жұқтырғандарда туберкулездің ерте диагностикасы, ТБ/АИТВ науқастарды  антиретровирустық препараттармен емдеу және АИТВ-жұқтырғандарда туберкулездің алдын алу шаралары туралы айтты. Конференция қатысушылары сөйлеушілерді қызықпен тындай отырып алынған ақпарат жұмыс үшін маңызды екенін байқады.