Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

«Нұрлы болашақ жолында» атты ток-шоу

   09.02.2017 ж. Семей қаласының №3 орта мектебі мәжіліс залында «Нұрлы болашақ жолында» тақырыбы бойынша ток-шоу ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ-жұқпасының алдын алу. Өткізілген ток-шоуға қалалық СӨС Орталығының, наркологиялық диспансерінің, қалалық ЖИТС орталығының, № 1 БМСК мамандары, армрестлинг бойынша ҚР еңбегі сіңген тренері Т.Г.Сағатаев және армрестлинг әлем чемпионы Д.Н.Тайменов қатысты. Ток-шоу өте қызықты өтті, оқушыларға нашақорлықтың, маскүнемдіктің, АИТВ-жұқпасының алдын алу жөнінде ақпарат берілді. СӨС насихаттау туралы бейнероликтер көрсетілді. Спортшылар  және оқушылар өздері де қызықты ақпарат ұсынды.