Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Семей қаласының бизнес және қызмет көрсету колледжінде дөңгелек үстел.

   10 қарашада ЖИТС орталығының және СӨСО-ның мамандары Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған айлық шеңберінде Семей қаласының  бизнес және қызмет көрсету колледжінің 4 курс студенттерімен дөңгелек үстел өткізді. Студенттер осы іс-шараға  АИТВ-жұқпасы және нашақорлық тақырыбына өз баяндамалар мен презентацияларын дайындап белсенді қатысты.  Тек жауапты міңез-құлық, қорғалған жыныстық қатынастар, есірткілерден бас тартқаны ғана бүгінде АИТВ-жұқпасы індетін тоқтатуға  және жастардың дені сау болғанына  мүмкіндік береді- деп студенттер қорытынды шығарды.