Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Семей қаласының құрылыс колледжінде медициналық сақтандыру туралы

3-ші қараша күні Семей қаласының құрылыс колледжінде № 6 АМСК және қалалық ЖИТС Орталығының мамандары бірлесіп медицина жайында семинар өткізді. Бұл семинар мәселесінің бірі  республикада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу. МӘМС не үшін керек? МӘМС-дың  жүйесі қандай ? Қорға аударылатын аударымдар мен жарналар қалай жүргізіледі? Мемлекет кім үшін төлейді? Бұл туралы семинарда студенттер мен оқытушыларға түсіндірілді.   МӘМС азаматтарды уақтылы, қол жетімді, сапалы медициналық және дәрілік көмекпен қамтамасыз етеді. МӘМС-дың енгізілуі денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп қаражатты мұқтаж адамдарға қайта бөлуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл денсаулықты қорғау үшін мемлекет, жұмыс беруші және азаматтар арасындағы жауапкершілікті талап етеді. МӘМС –дың енгізілуі жан-жақты қағидалармен, әлеуметтік әділеттік және ынтымақтастықпен қамтамасыз етеді.   Заңда қорға жарналар төлеуден босатылатын азаматтардың 15 санаты белгіленді. Соның ішіне күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан тұлғалар кіреді. «Яғни, біз әзірше студент болғандықтан, жарнаны мемлекет төлейді »- деп колледж студенттері қорытынды шығарды.