Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Мукур ауылындағы семинар

   2015 жылғы 10-шы  қарашада Мұқұр ауылында «Жанұя орталығы» ҚҚ мен «Семей қаласының ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК  Ертіс ауылдық округі Әкімшілігінің қолдауы арқылы тұрғындарға «СӨС-ның негіздері.АИТВ/ЖИТС-тің және туберкулездің алдын алу» тақырыбы жөнінде ақпараттық-консультативті семинар өткізді. ҚЖИТО-ның профилактика  бөлімінің меңгерушісі Қ.А.Қонысбаева, ӨТҚД-нің фтизиатр дәрігері Г.Ж.Асылбекова және де ҚСӨСҚО маманы Н.С.Шакенова АИТВ-жұқпасының, туберкулездің алдын алу  және СӨС негіздері мәселелері жөнінде презентация мен лекция өткізді.   Қатысушылар АИТВ пен туберкулездің алдын алу шаралар, берілу жолдары туралы ақпараттандырылды. АИТВ-ға  және туберкулезге тексеруден өту үшін медициналық мекемелердің мекенжайлары берілді.   Мамандар қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Қалау  бойынша жеке кеңестер берілді.   Ертіс ауылдық округінің Әкімі З.Т.Межекенова өткізілген жұмыс үшін барлық қатысушыларға алғыс білдірді.