Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

«АИТВ/ЖИТС туралы көп біл» тақырыбындағы тренинг

 2015 жылдың 1 қарашасында «Семей қаласының ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК профилактика бөлімінің меңгерушісі Қ.А.Қонысбаева және «Жан ұя» ҚҚ психологы Н.А.Қуандықова  бірлесіп Жакия Шайжүнісов атындағы Электрондық колледжінің 1 курс оқушыларына « АИТВ/ЖИТС туралы көп біл» тақырыбында тренинг өткізді.Тренинг барысында оқушыларға АИТВ- жұқпасы жөнінде анық ақпарат берілді. АИТВ/ЖИТС проблемасына қызығушылық тудыруға және практикалық дағдыларды, дұрыс шешім қабылдау шеберліктерін қалыптастыруға арналған жаттығулар жасалды. Тақырып бойынша роликтер және « АИТВ/ЖИТС көңіл аудар» атты фильм көрсетілді. Тренинг  АИТВ/ЖИТС проблемасына қызығушылық тудырып, белсенді түрде өтті. Колледж оқушылары  осы проблема  туралы   өз ойларымен бөлісті.