ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
ICAPтан демеушілік көмек.
admin жазған Жм, 05/15/2020 - 15:20
СОVID-19 індеті кезеңінде АИТВ және ілеспе аурулармен күрес жөніндегі ұлттық бағдарламаларды жоспарлау мен іске асыруда әдістемелік және консультациялық көмек көрсететін ICAP халықаралық ұйымы Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС орталығына үш қабатты медициналық маскалар-3000 дана; бахилалар – 500 дана; бір реттік медициналық халаттар – 500 дана; қолға арналған антисептик – 20 литр; байланыссыз термометр - 5 дана тапсырды. Барлығы 1 млн. 231 мың теңге. Бұл қиын уақытта аталғандардың барлығы медициналық қызметкерлер үшін де, ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған пациенттер үшін де карантиндік іс-шараларды сақтау үшін көп мөлшерде қажет. ICAP жобасына аслғыс білдіреміз! |