Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

1 наурыз - Кемсітушілікпен күрес күні.

2020 Кемсітумен күрес күнінің тақырыбы: әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітуді толық жою.

Кемсітуге қарсы күрес 1-наурызға тура келеді. Бұл атаулы күн табиғатта жалпыға ортақ болып табылады. Ол АИТВ немесе денсаулықты қорғау салаларымен шектелмейді және кемсітуге байланысты проблемаларға назар аударуға мүмкіндік береді. АИТВ-ға және денсаулықты сақтауға байланысты тақырыптарға назар аударылады.

Логикалық негіздеме:

·          Кемсітушілік және гендерлік теңсіздік ЖИТС-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметке елеулі әсер ете отырып, әйелдер мен қыздар үшін бұрынғысынша елеулі кедергі болып қала береді.

• Осы жыл әйелдер мен қыздар үшін маңызды жыл болып табылады, өйткені көптеген іс-шаралар жоспарланған – «Пекин +25» конференциясы мен наурыз айында әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссия отырысынан бастап және қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында жоғары деңгейдегі кездесуге дейін.

·          1 наурызға келетін кемсітушілікпен күрес күні біздің Жолдауды науқан басталғаннан бастап жыл соңына дейін таратуға мүмкіндік береді.

Мақсаттары:

·          Әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушілікке негізделген проблемаларға қоғамның назарын аудару. Айта кету керек, әңгіме АИТВ-мен өмір сүретін әйелдерді, трансгендерлі әйелдерді және секс-индустриясында жұмыс істейтін әйелдерді қоса алғанда, барлық әйелдер туралы болып отыр.

·          Әйелдердің денсаулық сақтау және білім беру қызметтеріне тең қол жеткізуіне кедергі келтіретін заңдық және экономикалық кедергілер нысанында көрінетін әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушілікті жоюға бағытталған қызметті қолдау мен саяси ерік қалыптастыру:

* медициналық көмек алу үшін келісім жасына қатысты заңнама.

* әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын заңнама.

* ерте жастағы некелерді қиюға кедергі келтіретін заңнама.

* әйелдер мен қыздардың экономикалық тәуелсіздігін қолдау бағдарламасы.

* секс индустриясындағы жұмысты декриминализациялау.

* оқу орындарында, емдеу мекемелерінде және жұмыс орнында әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушілік

* меншік және мұрагерлік құқығы.