Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Өскемендегі конференция

3 наурызда Өскеменде Шығыс Қазақстан облысындағы ЖИТС-қа қарсы қызметтің 30 жылдығына арналған «АИТВ кешенді бақылау, АИТВ диагностикасы мен емінің инновациялық әдістері мен тәсілдері ». тақырыбында  конференция өтті.                                   Бұл жолы іс-шараға аймағымыздың жұқпалы аурулар дәрігерлері мен жалпы тәжірибелік дәрігерлері қатысты.                                                                                                                  Конференцияны ШҚ ЖИТС орталығының  дәрігер эпидемиологы Наталья Селезнева ашып, АИТВ эпидемиологиялық жағдайына, 90-90-90 стратегиясына, АИТВ-ны анықтау алгоритміне және төтенше жағдайлар кезіндегі қатынстан кейінгі профилактикасына шолу жасады.                                                                                                                                                      ИнфекционистНаталья Оралбаева мен гинеколог Динара Мукушева АИТВ-ны ерте диагностикалау, жаңа AРВ препараттары, жаңа емдеу режимдері және АменБКА  алгоритміне тоқталды.  медбике Алмагүл Рахимова дәрігерлерді тісжегілік экспресс-тест әдістерімен таныстырып, практикалық сабақ өткізді.