ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
Өскемендегі конференция
admin жазған Жм, 03/06/2020 - 11:25
2 наурызда Өскеменде Шығыс Қазақстан облысындағы ЖИТС-қа қарсы қызметтің 30 жылдығына арналған «АИТВ кешенді бақылау,АИТВ диагностикасы мен емінің инновациялық әдістері мен тәсілдері ». тақырыбында конференция өтті. Қатысушыларға (Шығыс Қазақстан облысының акушер-гинекологтары мен педиатрларына) облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Марина Жеголко құттықтау сөз сөйледі. ҚР ДСМ ҚДжәнеИАҒО клиникалық бақылау бөлімінің бас маманы Гүлжахан Ахметова, АИТВ-ның перинаталды берілуінің алдын алу, АИТВ жұқтырған аналардан туылған нәрестелерге күтімді ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды; балалардағы АИТВ-ны вирусологиялық диагностикалау алгоритмі; балалардағы, жасөспірімдердегі және репродуктивті жастағы әйелдердегі ART ерекшеліктері, АРВ жаңа мүмкіндіктері; АИТВ-инфекциясының және коморбидті жағдайлардың алдын-алу, диагностикалау және емдеу болашағына жаһандық көзқарас. Наталья Оралбаева, жұқпалы аурулар бойынша маман Лариса Алексеева және гинеколог Динара Мукушева облыстық ЖИТС орталығының емдеу-алдын алу бөлімінің жұмысы туралы әңгімеледі. |